Bugin
Ресей Украина аумағына әскери операция жүргіземін деп басып кіргеннен бері 13 күннің ішінде 61 бала қаза тауып, 100 бала жараланды. Бұл – 9 наурыз күнгі дерек.
Бұл жайлы Украинаның Жоғарғы Радасының (біздегі Парламент сенаты – ред.) адам құқығы жөніндегі уәкілетті өкілі Людмила Денисова хабарлады, деп жазады nv.ua.
Омбудсменнің айтуынша, тағы 55 баланың тағдыры әлі белгісіз.
"Мариуполь қаласында 6 жастағы бүлдіршін қыз шөлден қаза тапты. Мұндай сұмдық тіпті Екінші дүниежүзілік соғыста да болмаған шығар", - дейді Денисова.
Оның айтуынша, Ресей әскері авиациялық зымырандармен соққы жасап, Малин қаласындағы 7 бірқабатты үйдің күл-талқанын шығарған. Ол жерде 5 адам қаза тапқан. Оның екеуі – бала. 2021 жылы туған сәбилер.
Ресейдің Украинаға қарсы соғыс бастағанына бүгін, 9 наурыз күні – 13 күн болды. Бұл аралықта Украиананың Қарулы күштері Бас штабы хабарлағандай, ресей әскерінің 12 мың сарбазы қаза тауып, 300 танкі мен 1 мың әскери бронтехниканың көзі жойылған.