Weekend

Гете: «Сандар әлемді басқармайды, бірақ қалай басқару керектігін үйретеді»

Сандар да сөйлейді. Оған қарап, адамның кім екенін білуге болады. Тіпті, нумерологтар өткен өмірде кім болғаныңызды есептеп, айна-қайтесіз айтып береді. Бұл рас па? Жалпы әр санның қасиеті бар екені шындыққа жанаса ма?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Нумерология – физикалық заттарға, процестерге және адамның өмірі мен олардың сана-сезімдеріне сандардың-әріптердің мистикалық қарым-қатынасы туралы эзотерикалық наным жүйесі. Бұл наным бойынша әрбір әріптер мен сандарда мәлімет сақтаулы.


Тарихта (б.з.д.) 3 ғасырға табан  тірейтін  бұл  ілім түрі – көбіне адамның мінез-құлықтарын, ерекшеліктерін, не нәрсеге бейім екендігін, болашақ ерлі-зайыптылардың бір-біріне сәйкестігі, бұл өмірге не үшін келгендігін, өмірге келгендегі миссиясын, т.б. анықтайтын бірден-бір құрал ретінде ұсынылуда.

Танымал нумеролог Анар Аман сандардың сиқыры барын растайды. Тіпті, жер шарының өзі арнайы кодттардан тұрады, дейді. Ертедегі ғалымдар сандардың ерекше және таңғажайып қасиеттері жайлы түрлі тракттаттар жазған. Олардың пайымынша есеп пен әріптерден жер әлемі жаратылыпты-мыс. Ең қызығы, цифр арқылы сіз өз тағдырыңызды түзете аласыз.

«Нумерология дегеніміз – сәуегейлік емес, эзотерика да емес. Ол – ғылым. Бұл табиғат берген өте ыңғайлы құрал екенін үнемі айтып жүремін. Жеке басым калькулятор арқылы адамның туған күні мен аты-жөнін сұрастырып, есептей бастаймын. Адамның туған күні арқылы космограммасын да есептеуге болады. Яғни, белгілі бір уақытқа жететін өмірлік энергия қорын анықтайды. Тіпті, белгілі бір уақыт ішінде қанша рет шарықтау мен құлдырау кезеңдерінің болатынына дейін нақты көрсетіп береді. Осы ілім үшін, адамдар жат елдерге мәселен, Индияға, Тибетке жол тартып жатады» – дейді нумеролог Анар Аман.

Бірақ әйгілі Гетенің «Сандар әлемді басқармайды, бірақ қалай басқару керектігін үйретеді» деген сөзін айта кеткен жөн болар.

Әрине нумерология ғылымына қарама -қайшылық пікір білдіретіндерде аз емес. Мысалға ,айтыскер ,ақын Мұхтар НИЯЗ нумерология ғылымына өз көзқарасын білдірген:

ЦИФРДЫҢ ТЫЛСЫМЫНА ИЛАНУ – ӨЗ ТАҒДЫРЫҢА ӨЗІҢ ҚАЙШЫ КЕЛУМЕН ТЕҢ 

– Жалпы, өзім нумерология деген саланың қашан, қалай пайда болғанын білмеймін. Бірақ адамның Аллаға деген сенімін бұрмалап, сандарға байлап жүрген шолақ, ақылы кем адамдарға да ренішім бар және соларға сеніп жүрген адамдарға да ренішім бар. Бұл өзі із-дерегі жоқ, ежелгі мифология мен мистикаға негізделген күлдібадам ғылым сияқты. Ал ислам діні – ештеңеден бұлтармайтын, жалтармайтын шынайы дін. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өзі «мойнымды оң жаққа және сол жаққа бұрып сәлем беремін дегенше нақты не болатынын білмеймін» деп айтқан. Ал біз болсақ, алдағы 10-20 жылды болжап тастауға құмармыз.

Нумерологқа сену – өз тағдырыңа өзің қайшы келумен тең. Мәселен, бүгін сіз ұшуыңыз керек. Жұмыс реті бойынша Алматыға ұшып барып, сол жақтан дәм бұйырайын деп тұр. Бірақ нумерологтың айтуымен сіз ұшпауыңыз керек. Үй ішінен үй тігу сияқты бұлар тағдырдың ішінен тағдыр жасайды. Бұл – өте қисынсыз жағдай. Осылайша Мұхтар Нияз өз сөзінде діндіде қозғаған болатын.Олай болса ислам дінінде бұл ғылым түріне тыйым салынған ба?

Нумерология ілімі көне Ислами әдебиеттерде «илмуль харф» әріптер ілімі деген атаумен белгілі. Мәліметтерге сүйенсек, Харф ілімі исламның алғашқы ғасырларында грек философиясынан дін философтары арқылы Ислам әлеміне кіріптар етіліп, уақыт өте келе кейбір мұсылман жамағаттары арасында, соның ішінде сопылық мектептерінде Ислами дүниетаныммен ұштастыра отырып арнайы оқытылатын болған.

Кейіннен, имам Суюти өзінің «әшбәһ уән назаир» атты еңбегінде аталмыш ілімді – айналысу харам болған ілімдер қатарынан есептейді. Имам Зәһәби болса, әріптер ілімі сияқты нәрселермен айналысқандарды «адасушы әрі адастырушылар» деп қатаң сынға алған. Нумерология – тылсым әлеммен байланысы бар эзотерикалық құпия наным жүйесі. Мұны «сандармен пал ашу» деп те атайды. Шариғатта пал ашу да, пал аштыру да харам. Тыйым салынған. Оның үстіне әрбір әріп пен сандарда белгілі мәліметтер жасырылған деген сенімнің ғылыми негізі жоқ, құр қиял мен соқыр сенімділік қана делінген.

Қорытындылай келе , нумерологияның дұрыс-бұрыстығын әзірге нақты ешбір маман дәлелдеп айта алмады. Сондықтан да оған сену-сенбеу де кез келген адамның сана сезіміне байланысты деп ойлаймын.Ал сіз нумерологияға сенесіз бе?