Bugin

Бас прокуратура Тасмағамбетов ісіне қатысты түсініктеме берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бас прокуратура әлеуметтік желіде Иманғали Тасмағамбетовке байланысты шыққан ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

"Әлеуметтік желілерде Бас прокуратураның ведомствоаралық тергеу-жедел тобының И.Н.Тасмағамбетовке қатысты "Astana LRT" ЖШС-де қаржы жымқыруға қатысы бар фактісі бойынша тексеру жүргізгені туралы хабарлама тарап жатыр. Бас прокуратура бұл ақпарат шындыққа жанаспайды деп хабарлайды. Біз азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз", - делінген Бас прокуратураның баспасөз қызметі таратқан хабаламада.

Айта кетейік, бір топ бұрынғы генерал және полковник 11 наурызда астанада баспасөз жиынын өткізіп, өздерін "заңсыз қылмыстық жауапкершілікке тартқанын" мәлімдеді. Олар "бізді заңсыз соттады" ҰҚК бұрынғы басшысы деп К.Мәсімовтің,  экс-президенттің немере інісі Самат Әбіш пен қызы Дариға Назарбаеваның қысым көрсеткенін әрі И.Тасмағамбетовке қарсы куәлік беруге мәжбүрлегенін айтқан еді.