Bugin

16 күнде қанша украин жауынгері қаза тапты – Зеленский жауабы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей Украина жеріне басқыншылық бастағаннан бері 16 күннің ішінде 1300 украин жауынгері қаза тапты. Ал орыс әскерінікі бұдан 10 есе көп. Нақтырақ айтсақ, 12000 жауынгері қаза тапқан.

Бұл мәліметтері Украина президенті В.Зеленский берді.

"Біздің 1300 жауынгеріміз шаһит болды. Ал орыстардікі 12 мың адамы жер жастанды. Яғни, бір украин сарбазына орыстың 10 солдаты келеді. Соғысты бастаған біз емес", - деді Зеленский.

Оның айтуынша, 16 күн майдан ұрысында ресей әскерінен 362 танкі мен 1200 әскери брондалған техника, 83 тікұшақ пен 58 ұшақтың көзі жойылған. Тағы бір қызық дерек - ресей әскерінің бүкіл көзі жойылған техникалары мен қару-жарақтарын бүтіндей есептегенде, $5 млрд қаражат шығады екен. 

"Жау әскерінің айласы таусылды. Қалың қолды қаптатқаннан басқа амалы қалмады. Сансыз армияны, бүкіл әскерді айдап салып, сонымен бір нәтиже шығарғысы келеді. Бірақ шетінен жапырылып, сусап жатыр. Ресей әскері соңғы 10 жылда бұлай қырылып көрмеген екен. Соғыс басталғаннан бері жау әскерінің 31 батальоны талқандалды. "Әскери операция" жүргізуге мүлде жарамай қалды", – дейді Зеленский.

Айта кетейік, Ресей әскері Украинаға барлығы 120 батальонын енгізген еді. Егер Зеленскийдің дерегіне сенсек, онда орыс әскерінің төрттен бір бөлігі соғысқа жарамсыз қалған.

Ал Ресей Қорғаныс министрлігі 12 наурыз күні мынадай ақпарат таратты. Украина әскерінің 3500-ге жуық әскери нысанын, 123 өзұшар аппаратын, 1127 танкі мен әскери брондалған техникасын жойғанын мәлімдеді. Бірақ қанша әскерін қырғаны және ресей әскері тарапынан қанша жауынгердің қаза тапқанын нақтыламады.