Bugin

Түркіменстанда жаңа президент сайланды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркіменстанның енді бұрынғы президенті Г.Бердімұхамедовтің ұлы – Сердар Бердімұхамедов президент болып сайланды. 12 наурыз күні өткен президент сайлауында 72,97% дауыс жинады. Бұл жайлы Түркіменстанның Орталық сайлау комиссиясы хабарлады.

"Түрікменстанның сайлау кодексінің 76-бабына сәйкес және Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 14 наурыздағы қаулысы негізінде 72,97% дауыс жинаған Түрікменстан Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары Сердар Ғұрбанғолыұлы Бердімұхамедов Түрікменстан президенті болып сайланды", - делінген хабарламада.

Сайлауға барлығы 9 үміткер қатысқан екен. Сердар Бердімұхамедовтен басқалары 1,08-11,09% аралығында дауыс жинаған.

Түркіменнің жаңа сардары: Сердар Бердімұхамедов кім және немен атағы шыққан?