Bugin

Тоқаев: Абай, Ұлытау мен Жетісу облыстары құрылмақ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев бүгінгі, 16 наурыз күнгі жолдауында әкімшілік бірлестіктерді қайта құру жайлы сөз қозғады. 

"Аймақтарды дамыту үшін Алаш арыстары еңбек еткен Семей қаласының орталығы етіп Абай облысы құрылады. Орталығы - Семей қаласы болмақ. Қарағанды облысы екіге бөлініп, Ұлытау атты облыс құрылады. Орталығы - Жезқазған облысы болады. Алматы облысы екіге бөлініп, Жетісу облысы құрылады. Алматы облысының орталығы - Қапшағай қаласы болады. Қапшағай қаласын Д.Қонаев қаласы деп атауды ұсынамыз. Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласы болмақ. Бұл ұсыныстарды халық қолдаса, атауды өзгертуге кірісеміз", - деді Тоқаев.