Bugin

Путин жалдаған Сирия содырлары не үшін Украинаға келе жатқаны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресейдің Сириядан алған жалдамалы әскері Украинаға соғысу үшін емес, Еуропа елдеріне қашып кету үшін келе жатыр. Олардың мақсаты – Сириядан қалай да босап шығып, Еуропаға жету. Осылай деп мәлімдеді Украинаның Қорғаныс министрлігі.

Украинаның солдаттары қолға түскен сирия содырларын тергеп, не үшін Украинаға жалдамалы болып келгенін сұраған.

"Сонда жалдамалы жауынгерлердің бір тобы Ресей мен Беларусь еліне жетіп алып, кейін Еуропа мемлекеттеріне заңсыз миграциямен өтіп кетуді мақсат тұтқанын айтқан. Жақында Ресейдің сириядағы Хмеймим авиабазасынан аттанған 30 содыр жаралымыз деп бізге келді. Біршама моральды-психологиялық қысым көрген сыңайлы. Соғыстан қорқып қалған. Кейбірі өзін әдейі жаралап, ұрыс алаңына барудан жалтарған", - деп хабар таратты Украинаның Қорғаныс министрлігі.

Украинаның барлау қызметі мынандай мәліметтерді анықтаған. Біріншіден, Ресей жалдаған Сирия содырлары осы елдегі Хмеймим әскери базасына келіп, содан аттанып жатыр. Күніне 300 жендет аттанады. 15 наурыз күні Ресейге 150-і келген.

Екіншіден, Ресей Сириядағы қару-жарақтары мен әскери техникаларын алып, Украина мен Беларусь шекарасына әкелудің жолдарын ойластырып жатыр.

Үшіншіден, Сириядағы Башар Асад үкіметі ресейге 40 мың жалдамалы әскер беремін деп уәде еткен екен.

Айта кетейік, Путиннің Сириядан жалдамалы әскер әкелгелі жатқаны осыдан 10 күн бұрын белгілі болған еді. Сириялық содырлар қала ішінде соғысуға бейім болғандықтан, Путин бұларды Киев сынды ірі қалаларды басып алуға қолданғысы келген сыңайлы.