Bugin

Еуразиялық одақ елдері енді рубльмен сауда жасауға өтпек

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Еуразиялық экономикалық одақ елдері енді сауда-саттықта рубльмен жүргізбек. Сауданы рубльмен айырбастауға өтпек. Мұны Ресейдің Экономикалық даму министрі Максим Решетников айтты, деп хабарлайды Bugin.kz сайты ҚазТаг агенттігіне сілтеме жасап.

"ЕАЭО елдері енді сауда саттықты шетелдік валютамен емес, рубльмен жүргізеді. Бұл қадам Ресейге көп көмек болар еді", - деген министр Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің отырысында.

Оның айтуынша, бұл мәселе – қазіргі Ресейдің күн тәртібінде тұрған маңызды мәселенің бірі.  

"Кедендік рәсімдеуден түскен салық келісімшартта белгіленген пропорция бойынша ел-елге бөлініп, содан бюджетке түседі", - дейді Решетников.

Айта кетейік, ЕАЭО елдері мен Қытайдың арасында ортақ валютаға негізделген тәуелсіз халықаралық валюта-қаржы жүйесі іске қосылуы мүмкін екені айтылған. Алайда мұндай жоба күн тәртібінде тұрған жоқ деп мәлімдеген еді Қазақстанның Қаржы министрлігі.