Әлем

Ресей элитасының Путиннің орнына жаңа мұрагер таңдап қойғаны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Бас барлау басқармасы Ресейдің бизнес және саяси элитасы ортасында президент Владимир Путинге қарсы оппозициялық ықпалды адамдар тобы құрылғанын хабарлады. Мәлімет бойынша, олар оның көзін құртуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Министрліктің хабарлауынша, аталмыш топтың негізгі мақсаты – Путинді тез арада биліктен кетіріп, Батыс елдерімен экономиканы қалыпқа келтіру.

«Ресей Федерациясының саяси элитасының белгілі бір бөлігі Путиннің мұрагері ретінде – Ресей ФФҚҚ директоры Александр Бортниковты қарастырып отыр. Жақында Бортников орыс диктаторы тарапынан қуғынға ұшырады. ФФҚҚ басшысының  қуғынға ұшырауының ресми себебі – Украинаға қарсы соғыстағы есептен жаңылыс салдарынан орын алған қателіктер», - делінген министрлік хабарламасында.

Бортников пен оның агенттігі ресейліктердің жағдайы мен украин армиясының қабілетін талдауға жауапты болған.

Бортниковпен бірге Ресей элитасының басқа да ықпалды өкілдері Путинді биліктен кетірудің әртүрлі нұсқаларын қарастырып жүр (уландыру, кенеттен ауруға шалдығу).