Редактор бағаны

Армандар қайда жетелейді?

Болашақты армандай білуде ұлы даналық!

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ең алдымен "арман" сөзін ойына оралғанда, сол мезетте қиялына шектеу қоя алмай, терең ойға шомылып, арманның толқынына тосқауыл бола алмай қалатын жағдайлар болып жатады. Адам армандау арқылы өзі ойлап жүрген мақсаттарын орындау арқылы бақыт құшағына шомыла алады немесе "еріншек" атаулыға бой алдырып, аузын тосып жататындар қаншама... 

Адам баласы өмірге бір-ақ рет келеді. Мына қысқа өмірде сол армандарының орындалғаның қалайды. Шынайы армандай алып, ниеті таза болған жанның армандары орындалып, сол арман жолында еңбек етіп, үмітін үзбей, сене білу керек. Өзге жанның қолынан келетін жұмыс, сенінің де істей алуына күмән келтірме! Ең бастысы орындалар арманына сен, соған жетуге талпын. Арман жолында өз-өзінді аяма! Жақсылық жасауға әрі жағымды ойлауға тырыс, өзінің қолына келетін жұмыстарға талпына отырып, шынайы ойлана білгенің өзіне жақсы! Бірақ, армандап отыра берсем, сол бір күні орындалар дегенді ұстанба. Сол арман жолына нақты-нақты мақсаттар қойып, әрбір басқан қадамына есеп беріп, барына қуанып, жоғынды айтпауға тырыс! Қанағатшыл бол! Әр күніне шүкіршілік айтуды үйрен. Жалған өмірде тек өзін ғана бағындыра алатын шыңдарын көп екенін, әрі солар таза жолмен келіп, бақытты екенінді жиі айта отырып, алға қадам басудан шаршама!