Bugin
Назарбаев Университеті бес жылға мемлекеттік бюджеттен нысаналы қаржыландыру үшін 4,8 млрд теңге қаржы сұрап отыр. Бұл жайлы ҚазТаг агенттігі жазды.
"Бюджеттік бағдарламалар бойынша жалпы шығын мынадай: 2020 жылы – 1 572 512; 2021 жыл (ағымдағы жылдың жоспары бойынша – ред.) – 896 167; 2022 жыл (мұнда және бұдан әрі қарай – жоспарлы кезең – ред.) – 787 308; 2023 жыл – 775 171; 2024 жыл – 754 756", - деп жазылған 18 наурызда жүктелген бюджеттік бағдарлама жобасында.
Назарбаев Университетінің 5 жылға арналған шығындарын толық есептесек, 4 785 914 000 теңге шығады.
Құжатта сұралып отырған қаржының "технология трансфертінің шығындарын жабуға" жұмсалатыны айтылған.
"Мақсаты: "Назарбаев Университеті" ДБҰ-ға нысаналы салымы білім беру қызметін, оның ішінде қосымша білім беруді, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыру, қазіргі заманғы білім беру, ғылыми инфрақұрылымды құруға жұмсалады. Міндеттері: енгізілген жаңа технологиялардың жалпы санынан шетелде емдеуді қажет ететін пациенттерді емдеуге бағытталған жаңа технологиялардың үлесі 2021 жылы – 14%, 2022 жылы – 15%, 2023 жылы – 16% болмақ", - деп көрсетілген құжатта.
Назарбаев мектебін асырау үшін бюджеттен қанша қаржы жұмсалады?