Bugin

Ресейдің Қазақстанға әкелген полкі Украинада күйрей жеңілді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Украина мен Ресей арасындағы соғыс әрекеттерінің басталғанына тура бір ай толды. Бүгін Украинаның ақпарат құралдарында Ресей Федерациясының әйгілі Костромский-331 әуе-десанттық полкінің толық күйретілгені туралы ақпарат тарады. Бұл жайлы orda.kz жазды.

Есімізде болса, дәл осы полк әскерилері «Қаңтар қырғыны» кезінде еліміздегі «маңызды әкімшілік нысандарды қорғау» мақсатында ҰҚШҰ бітімгерлері құрамында Қазақстанға келген еді.

Twitter-де «Аслан» атты парақшада РФ армиясының 331 полкінің әскері анасымен телефон арқылы сөйлескені жарияланған. Видеода Ресей әскерінің үлкен шығынға ұшырап жатқаны және 331 полктің күйрегені туралы айтылады.

«Бізді сатып кетті. Генералдар барлық ақпаратты сатты. 2 батальон толық жұмылдырылды. Бұл – 1 500 адамның үштен бірі. Бізді қырып жатыр», – дейді соғыс шебінен хабарласқан РФ әскері.

22 наурыз күні Рязаньда 331 гвардиялық парашютті-десанттық соққы беру полкінің командирі Сухаревпен қоштасу рәсімі өтті. Украина даласында қаза тапқан командирге Ресей Батыры жұлдызы тағайындалып, РФ Қорғаныс министрінің орынбасары Садовенко оны командирдің жесіріне тапсырған.