Bugin
Қазақстанға басып кіруі мүмкін бе?
Ресей президенті В.Путин 24 наурыз Украинада "арнайы әскери операция" бастауға бұйрық беріп, ресей әскері көрші елдің территориясына басып кірді. Батыс елдері мұны "басқыншылық соғыс" деп баға берсе, ресейліктер мұны "азат ету операция" деп атауды жөн көреді. Қалай десек те, бұл әскери іс-қимылдың Қазақстан қорғанысына әсер етері анық. Әсіресе, қазақстандықтар украиндарға туған күні бізге де тумай ма деп қауіптенеді.
Осы ретте әлеуметтік желі қолданушылары әртүрлі пікір жазып, өз ойларымен бөлісіп жатыр. Абдулахад Сманов фейсбукте өз ойымен бөлісіп, пікір білдірді.
"Кей адамдар солтүстіктегі көршіміз Украинадан соң бізге де тиісуі мүмкін екенін айтып, ел-жұртты үрейлендіріп жатқанын байқап қалып жатырмын. Менімше, ата-бабаларымыздың жасаған дұғасының жемісі болса керек, қазақ халқына – Алла Тағаланың мейірі түскен халық.
Еліміз тәуелсіздіктің алғашқы жылдары сындарлы, қиын кезеңдерді бастан өткерді. Тәуелсіздік алған жылдары еліміздегі халық санының 38 пайызын ғана қазақтар құраған. Бүгінде еліміздегі этноқұрам бойынша қазақстардың саны 70% пайызға жақындап қалды. Сондай-ақ, Қазақстанның тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көршілес елдермен шекарамызды шегендеді", - деп жазады Сманов.
Тәуелсіздік алған Қазақстанның алдында тағдыршешті таңдау тұрды. Жас мемлекет әлемдік геосаясаттағы орнын анықтап алуға тиіс еді.
"Бұл туралы Елбасы былай деп еске алады: "Қазақстан қандай ел болады? Азия мен Еуропаның арасына көпір бола ма? Немесе "Солтүстік – Оңтүстік" осіне айнала ма?". Бүгінде жағдай тіптен күрделі. Қазір еліміз көпвекторлы халықаралық саясат ұстанып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: "Егемендік дегеніміз – жалаң ұран мен жалынды сөз емес. Біз үшін ең маңыздысы – әр азаматтың Тәуелсіздік игілігін сезіне алуы. Оның басты көрінісі – елдегі бейбіт өмір, қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштық. Сондай-ақ, халықтың тұрмыс сапасының жақсаруы және жастардың болашаққа нық сеніммен қарауы", - деп жазады Сманов.
"Ендеше, біз өскелең ұрпақты барша жұрт мақтан тұтатын тарихи тұлғалардың тағылымы арқылы тәрбиелеуіміз керек", - деп сөзін түйіндеді Абдулахад Сманов.