Bugin

Армения Ресейден көмек сұрап отыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін түнде, 25 наурыз күні, Әзірбайжан әскері Таулы Қарабақтағы тағы бір даулы елдімекенге шабуыл жасап, басып алған еді. Дәлірек айтсақ, Аскеран ауданындағы Парух ауылы қазір әзірбайжан әскерінің қолына өтті.

Соған байланысты Армения билігі Ресейден бейбіт күштерді жіберуін өтінуде.

"Әзірбайжан билігі Ресей Федерациясының бейбіт күштері күзететін аймаққа басып кірді. Әрі Армения қорғаныс посттарына қарай оқ жаудырды. Таулы Қарабақтағы жағдай ушығып барады", - делінген Армения Сыртқы істер министрлігі таратқан ақпаратта.

Сондай-ақ, армян билігі Ресейдің бұл аумаққа тағы да бейбіт күштер жіберіп, әзірбайжан әскерін тықсырады деген ойда.

"Әзірбайжан қарулы күштерін бұрынғы позициясына, атап айтқанда, 23 наурыз күнгі орнына шегіндіреді деп сенеміз", - деп түсіндірді армян тарабы.

Радио Свободы қызметінің деректеріне жүгінсек, бұл атыстан 5 әзірбайжан сарбазы қаза тапқан, армян әскерінен бір сарбаз жараланған екен.

Ал Әзірбайжан билігі өз кезегінде Парух маңында бәрі тыныш, жағдай шиеленіскен емес деген сыңайды пікір білдірді. Әрі бұл аймақта Әзірбайжан "біздікі, ресейдің бейбіт күштері уақытша тұрған мекен" деп түсіндірді.  

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61