Bugin

«Отбасы» банктегі депозиттерге 10% өтемақы төлене ме?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ұлттық банктің ресми сайтында теңгедегі салымдарды қорғау бағдарламасына қатысты салымшылардың сауалдарына жауап жарияланды. Бұл жайлы ҚазАқпарат ХАА жазды.

Қандай салымдар бойынша өтемақы алуға болады?

Ұлттық банктің сайтындағы жауапқа сүйенсек, теңгелік салымдарды қорғау бағдарламасы кең таралған салымдардың бәріне қолданылады.

Олар:

- жинақ салымдары;

- Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының жіктемесіндегі мерзімді, сондай-ақ мерзімсіз салымдар;

- «Отбасы» банктегі салымдар, мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі аясындағы салымдар.

Ақша қашан төлене бастайды?

«Біржолғы сыйақы 2023 жылдың 23 ақпанынан кейін есептеледі. Ал төлем жүргізу кезеңі туралы тиісті нормативтік-құқықтық акті жарияланғаннан кейін ғана белгілі болады. Үкімет пен Ұлттық банктің бірлескен мәлімдемесі бойынша, 10% өтемақы бюджет қаражатынан төленеді», - делінген банк мәліметінде.

Ұлттық банк өтемақыны алу шарттарына қатысты айтып өтті.

«Бұл бойынша қорытынды шарттар, оның ішінде бағдарлама өтінім беру сипатында бола ма немесе өтемақы барлық салымшыға әдепкі қалпы бойынша есептеле ме, ол туралы НҚА жобасы бекітілгеннен кейін ғана белгілі болады. Ол үшін ресми ресурстарда жарияланатын жаңалықтарды бақылап отыруға кеңес береміз. Қазіргі уақытта өтініштер қабылданбайды», - деп жазылған Ұлттық банк жауабында.

Теңге депозитін қолдау: Отбасы банк салымшылары қосымша өтемақы алады