Bugin

Еуропа елдері Ресейге тағы да санкция салды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Еуропа Одағының елдері бүгін, 8 сәуір күні, Ресейге қарсы тағы бір санкция пакетін бекітті. Бұл жайғы санкция ресей әскерінің Украинаның Буча қаласында жасаған қатыгездігі себеп болды, деп жазады BBC-дің орыс қызметі.

Осы жолғы санкцияға Ресейдің көмір алуды азайту, заманауи технологияларды сатпау және SWIFT жүйесінен ресейдің үш банкін ажырату сынды шаралар енді. Атап айтқанда мынадай шаралар қолданылды:

- Ресейден сатып алатын көмірдің жылдық көлемін 8 млрд еуроға дейін азайту;

- Ресейден алкогольді ішімдік, уылдырық, ағаш пен химия өндірісінің тауарларын сатып алуды шектеу, жылына 5,5 млрд еуроға ғана сатып алу бекітілді;

- Ресейге чип, компьютер, газ өндірісінің құрал-жабдықтарын, транспортты сатуға тыйым салу, шамамен, 10 млрд еуроға ғана сату;

- Еуропа теңіз порттарына ресей кемелерін кіргізуге тыйым салынды;

- Ресей мен Беларусь елінің жүк көліктерін шекарадан өткізбеу;

- ВТБ банкі мен ресейдің тағы үш банкін SWIFT жүйесінен ажырату;

- Криптоактив қызметтеріне көрсетуге шектеу қою.

Сондай-ақ, аталған шектеулерден бөлек Ресейдің 217 азаматы мен 18 компаниясына санкция салынды. Оның ішінде ДНР мен ЛНР-дің де тұрғындары бар.

Осы орайда айта отырайық, Еуропа елдерімен бірге бүгін Ресейге қарсы санкциясын Жапония мен Ұлыбритания да күшейтті.

Атап айтқанда, бүгін таңертең Жапония орыстың 8 дипломатын қуып жіберу мен ресейдің көмірін сатып алуға шектеу қою, Ресей банктерінің Жапониядағы активтерін бұғаттау туралы жарлық шығарды.

Ал АҚШ үкіметі РФ президенті В.Путиннің қос қызына және РФ Сыртқы істер министрі С.Лавровтың баласына санкция салуды мақұлдады.