Bugin

Астана медицина университеті студенттері мен жас ғалымдарының халықаралық конференциясы басталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Медицина ғылымы, білім беру, практика: проблемалары мен шешу жолдары» атты Астана медицина университеті студенттері мен жас ғалымдарының 64-ші халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы басталды. Іс-шара Қазақстан Республикасының Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында ұйымдастырылып, студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу қызметіндегі белсенділігін нығайтуға бағытталған.

Екі күн ішінде конференцияға қатысушылар секциялық отырыстар аясында хирургия, акушерия және гинекология, педиатрия, сәулелік диагностика және медицинаның басқа да салаларындағы ғылымды дамытудың өзекті мәселелерін, соның ішінде практикалық денсаулық сақтауда сұранысқа ие зерттеулерді дамыту мен инновацияларды енгізу бойынша мәселелерді талқылауды көздеді

«Прогресс бір орында тұрған жоқ, күн сайын әлемде өмірді түбегейлі өзгертетін көптеген маңызды жаңалықтар орын алып жатыр және біздің университет бұл үдерістен шет қалмауы керек», - деді конференцияға қатысушыларды құттықтау сөзінде «Астана медицина университеті» КеАҚ басқарма төрағасы - ректоры Камалжан Надыров. «Біз қазақ ғылымының өркендеуіне қолайлы жағдай жасап, студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуға шақырамыз».

Айта кету керек, Астана медицина университеті қазақстандық ғылымның дамуына зор үлес қосып, бүгінгі таңда бірқатар маңызды ғылыми жаңалықтарға ие. Бүкіл университеттің даму тарихында оның қабырғасында әлеуметтік маңызы бар аурулардың диагностикасы мен емдеуін, алдын алу мен оңалтуды жақсартуға бағытталған көптеген әзірлемелер жасалды.

Өткен жылдың өзінде университет ғалымдары 25 ғылыми жобаға қатысып, 61 өнертапқыш куәлігін және 11 ғылыми әзірлемеге патент алды. 2021 жылы университет ғалымдарының 80-нен астам ғылыми жарияланымдары Scopus және Web of Science дерекқорларында индекстелетін жетекші рецензияланатын халықаралық журналдарда жарияланды.

Сонымен қатар студенттер мен жас ғалымдарды ынталандыру құралы болып саналатын биыл университетте құрылған Ғылым қоры рецензияланатын халықаралық журналдарда жарияланымдар үшін 3 миллион теңгеге дейін төлемдерді қарастырады.

Іс-шара соңында жүлделі орындарға ие болған студенттер мен жас ғалымдарды марапаттау, сондай-ақ «Астана медицина университетінің құрметті профессоры» атағына ие болған университет қызметкерлерін марапаттау жоспарда бар.