Bugin

АҚШ Қазақстанға сын айтқан Ресей саясаткерлеріне жауап берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанның жеріне шүйлігіп, қыр көрсеткен Ресей саясаткерлерінің ісі – бос сөз ғана, одан басқа ештеңе емес. Осылай деп пікір білдірді Қазақстанға ат басын бұрған АҚШ-тың мемлекеттік хатшысының орынбасары Узра Зея.

«Ресей Украинаға басып кіргеннен бері орыс саясаткерлері Қазақстанның жері, шекаралық тұрақтылығы жайлы менсінбей сөйлеуі жиіледі. Ал Қазақстан үшін тәуелсіздіктің орны бөлек. Мұны мойындау керек. Ал Ресей саясаткерлерінің сөзі – бос сөз, жаңалықтар сайтына арналған құр әңгіме ғана. Оны бәріміз түсініп отырмыз», - деп пікірін айтты Узра Зея.

Сөз барысында Америка өкілі Қазақстан билігінің «Украинаның аумақтық тұтастығын мойындаймыз» деген пікірін жоғары бағалайтынын жеткізді.

«Ресей үкіметіне қарсы әлемнің демократиялық елдері жаппай санкция жариялап жатыр. Қазақстан халқының бұл санкцияға қарсы шықпай, қолдау білдіргені қуантады», - деп Зея ризашылығын жеткізді.

Айта кетейік, АҚШ-тың үкіметі атынан пікір білдірген Узра Зея АҚШ-тың Қазақстанның шекаралық тұтастығын мойындайтынын әрі оның сақталып қалғанын қалайтынын да жеткізген.