Bugin
Әлемдік экономика үшін Орта Азия өңірі ең алдымен, шикізат көзі ретінде қызықты. Мұнай, газ, көмір және металдар – қазіргі уақытта сұранысқа ие экспортталатын тауарлар. Өз кезегінде аграрлық сектордың өнімдері де сұранысқа ие.
Орта Азия өңірінің әлемдік экономикадағы үлесі, шамамен 0,3%. Ондағы экономикалық өсудің соңғы 15 жылдағы қарқыны көптеген көршілерге қарағанда жоғары. Бұл аймақтың экономикалық рөлінің маңыздылығы бірқатар факторларға байланысты:
Орта Азия елдері тарихи тұрғыдан Ресейдің ірі сауда серіктесі: екі бағытта да айтарлықтай үлкен көші-қон және қаржы ағындары жүреді. Ресейлік инвесторлар мен зерттеушілер осы елдердегі макроэкономикалық жағдайға және олардың инвестициялық әлеуетінің динамикасына көп көңіл бөледі. Ең үлкен инвестиция – Қазақстан мен Өзбекстан елдерінде. Бірінші жағдайда – Еуразиялық экономикалық одаққа мүшелікті қамтитын неғұрлым дамыған қаржы нарығы, ал екінші жағдайда өткен он жылдықтарда инвестицияланбаған ашық экономика және арзан жұмыс күші. Бұл ретте макроэкономикалық жағдай айтарлықтай күрделі.
Қазақстан мен Өзбекстан Кеңес Социалистік Республикалар Одағында болған кезде, өнеркәсіп жағынан жетекші орындарда болған. Екі ел бүгінгі таңда айтарлықтай ресурстық, аумақтық және демографиялық әлеуетке ие. Мемлекеттердегі саяси жүйелер негізінен жабық. Бірақ жалпы либералды экономикалық саясат жүргізеді.
Соңғы бес жыл ішінде Өзбекстан валюта және салық реформаларын жасады, халықаралық серіктестерді тартты. Экономикалық және инвестициялық саясатта нақты серпіліс жасады. Өзбекстан экономикасының тұрақтылығын пандемия мен әлемдік дағдарыс растады. Көршілес Өзбекстан экономикасына Covid-19 пандемиясы айтарлықтай әсер еткен жоқ. ЖІӨ-нің өсу қарқыны оң болды. Бірақ 1,6%-ға дейін төмендеді. Инфляция төмендемеді, бірақ көп емес. Өзбекстан 2020 жылы сатып аламын деп жоспарлаған еурооблигациялардың барлығын ала алған жоқ. Республиканың экспорттық әлеуеті жақсы, Орталық банктің резерві бар.
Салыстыру ретінде Қазақстан Республикасының пандемия кезеңіндегі экономикалық жағдайын қарастыруға болады. COVID-19 пандемиясы Қазақстан экономикасына айтарлықтай соққы берді. Жалпы ішкі өнімнің төмендеуі 2,7% деңгейінде бағаланады. 2020 жылдың қорытындысы бойынша инфляция 7,4%-ды құрады. Мемлекеттік бюджеттің кірістері төмендеді. Бұл шығыстардың өсуімен бір мезгілде мемлекеттік қарыздың ұлғаюына алып келді.
Негізгі экспорттық тауар – мұнай. Одан басқа металдар экспортталады. Экспорт бағыттары – Еуроодақ, Қытай, Ресей. Тікелей шетелдік инвестициялар негізінен тау-кен саласына бағытталған. Қазақстан тәуекелдер тұрғысынан шетелдік инвестициялар үшін ең сенімді ел. Өзбекстан қара және түсті металдарды, мұнай өнімдері мен энергия көздерін, азық-түлік тауарларын экспорттайды. Қара және түсті металдарды, химиялық өнімдерді, машиналар мен жабдықтарды импорттайды. Өзбекстанның негізгі шетелдік инвесторлары – Ресей, Қытай, Германия және Түркия.
Өзбекстан экономикасы Қазақстан экономикасы сияқты: берік институционалдық, ресурстық және саяси тіректері жоқ. Алайда соңғы кезде экономикасы жоғары көрсеткіштерге ие болып отырған, әлемдік экономикалық кеңістікке бой үйрете бастаған Өзбекстан елі Президент Ш.Мирзиеевтің жүргізіп жатқан реформалары арқасында инвесторларға оң болжам жасауға қолайлы болып отыр.
Авторы: Бинұр Тұрысбекова