Bugin

Кәрім Мәсімовті қамау уақыты ұзартылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовті ұстау уақыты 6 мамырға дейін ұзартылды.

Сондай-ақ оның орынбасары Ануар Садықұлов сол кезге дейін қамауда болады. Дәулет Ерғожин 8 мамырға дейін қамауда жатса, тағы бір орынбасары Марат Өсіпов 3 айға дейін қамақта болмақ.

Кәрім Мәсімовке Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып жатыр: пара алу, қызметтік бапты асыра пайдалану, мемлекетке опасыздық жасау сынды айыптар тағылып отыр.

Ал тергеу жұмыстары «құпия түрде» өтуде.

Кәрім Мәсімовтің ресми сайтында экс-басшының қазіргі жағдайы ауыр екені, денсаулығы нашарлап кеткені айтылған. Жүрек ауруына шалдыққан көрінеді. Сондықтан оның жақтастары Мәсімовті босатуын сұрап отыр.