Bugin
Украинаның Барлау қызметі ресей әскеріне берген Путиннің бұйрығын біліп қойды. Нақтырақ айтсақ, құпия қызмет өкілдері орыс жауынгерінің әйелімен сөйлесіп отырғандағы телефон желісін «ұстап», «әңгімелерін жазып алған». Мұны Украинаның Қорғаныс министрлігі айтып отыр.
Ресей жауынгерінің есімі – Олег Карасев. Ол әйелімен телефон арқылы сөйлесіп жатып «Путиннің 10 мамырға дейін басып ала алмасаңдар, онда Украинаны жермен жексен етіп тас-талқанын шығарыңдар деп бұйрық бергенін» айтқан.
Төменде орыс жауынгерінің айтқан сөзі дәлме-дәл жазылған:
Еркін аударма: Рубежное қаласын «тазалауға» тырысып жатырмыз, ал Лисичанск пен Северодонецкіні жермен жексен етеміз. Соғысуға тырыспаймыз. Біздің келісімшартпен келген сарбаздардан пайда жоқ, алға жылжи алмай жатыр. Украина әскері бізге «көресінді көрсетіп жатыр», біз қанша атқыласақ та, аналарға бәрібір. Бізде атылып өлгендер көп», - деген орыс жауынгері.
Ал Украинаның Барлау қызметі болса, Ресей украина әскерін жеңе алмайтынын білгеннен соң, бейбіт қаланы талқандағаннан басқа амал таппай отыр дейді. Ресей Украина қалаларын жойып жібергісі келіп, әдейі бомбалап жатыр деген ойда.
Қалың қол: Путиннің Украинаға шабуыл жасауының ендігі жоспары белгілі болды
Украиндар бәрін қайдан біліп отыр немесе Путиннің ФСБ-ні құртуға кірісудің себебі не?