Bugin

Путин Украинадан жеңілсе ядролық бомбаны жарары анық – ЦРУ басшысы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Путин Украинадан жеңілерін анық байқаса, онда бәрінен баз кешіп ядролық бомбаны іске қосуы мүмкін. Путиннің мақсаты – қалай да жеңу. Жеңіліп бара жатқанын сезсе, соңғы мүмкіндігін пайдаланып қалмақ. Осылай дейді АҚШ-тың Орталық барлау қызметінің (ЦРУ) басшысы Уильям Бернс.

Бірақ әзірше АҚШ-тың барлау қызметінің қолында Ресейдің ядролық бомбаны қолдануға дайындалып жатқанын не дайындалуға бекем бел буып отырғанын, ядролық қаруды тасымалдап жатқанын дәлелдейтін фактілер жоқ. Соған қарағанда уайымдаудың еш реті жоқ сыңайлы.

Дегенмен Уильям Бернс белді бос жіберуге болмайтынын айтады. Өйткені АҚШ президенті Джо Байден ескерткендей, қолында ядролық қаруы бар Кремль билігінен бәрін күтуге болады.

«Мәселен, Путин мазасыз күйге түсіп, бәрінен торығып ақтық шараға бару мүмкін. Қатты ашуға берілуі де ықтимал. Украинадан талқаны шығып жеңілмес үшін Путин бастаған ресей билігі қалт қимылға бас қоюы ғажап емес», - деп түсіндіреді Бернс.

Оның айтуынша, Ресейде зардабы минималды ядролық қару түрлері көп. Мұндай зымырандар – ұрыс даласын талқандауға, жау күшін әлсіретуге арналған қарулар.  

Путинмен кездескен

Қазіргі Байден әкімшілігінде жүрген шенеуніктердің ішінен Путинмен кездескендердің бірі – дәл осы Бернс екен. Ол 2021 жылы қарашада Мәскеуге барып, Путинмен кездескен. Кездесудегі мақсаты – Ресейдің Украинаға басып кіруге дайындалып жатқанын әрі басып кіретінін күні бұрын біліп қойғанын айту үшін барған.

Тіпті, Ресей шенеуніктернің көбі орыс әскерінің Украинаға басып кіруді жоспарлап отырғанын дәл осы Бернстен біліп жаға ұстаған көрінеді.

«Путинмен өткен кездесу ширыққан қиын күйде өтті. Украинадағы саяси билігінен айырылып бара жатқанына қатты ашулы екені көрініп қалды», - деп жеткізеді сөзін ЦРУ басшысы.

Путиннің өзі «ұқпай қалды»

Бернстің айтуынша, Путин бриц-криг жасап, санаулы күнде Украинаны басып аламын деп жоспарлағаны анық. Ресей әскері көп шығындалмайды деп ойлады.

«Бірақ қателесті. Әсіресе, Еуропа бұлай қатаң санкция салады деп ойламады. Ресейдің шетелде жатқан валюта қоры бұғатталып қалды. Кремль ақшасыз қалды. Жоспардың күл-талқаны шықты. Украина әскерінің керсінше рухы көтеріліп, оңай жеңілмейтінін көрсетті. Ал Ресей әскері «сынды», материалдық шығынға ұшырады әрі абыройсыз қалды. Бұған бір жағынан АҚШ-тың Барлау қызметі де көп еңбек сіңірді», - деді Американың бас барлаушысы.

Ресейде қанша ядролық бомба бар әрі оның қаупі қаншалық?