Bugin
Мобильді аударымдар
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comБүгіннен бастап Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғалардың банк шоттарының арасындағы мобильді ақша аударымдарға мониторинг жүргізеді.
Қаржы министрінің бұйрығында бір адамның жеке тұлға ретінде ашқан банк шотына 3 айдың ішінде 100 және одан да көп адамның банк шотынан ақша аударылған болса, бұл кәсіпкерлік қызметтен пайда табу болып есептелетіні жазылған.
«1 (бір) жеке тұлғаның қатарынан күнтізбелік 3 айдың ішінде 100 (жүз) және одан да көп әртүрлі тұлғалардан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналмаған банк шотына ақша аударылса, кәсіпкер болып, табыс табу белгісі болып саналады» делінген ресми хабарламада.