Bugin

Қазақстан неге әскери шеру өткізуден бас тартты?

Әскерді дайындау 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі бюджет қаржысының жетпеуіне байланысты билы әскери парад өткізуден бас тартқанын айтты. Бұл жайлы 24.kz сайты хабарлады.

«2022 жылы Қазақстанда әскери парадтың өтпеуі бюджет қаржысын үнемдеу ниетімен, өзге де міндеттерді шешу қажеттілігімен байланысты», - деді қорғаныс министрлігі өкілдері.

Қазақстан қорғаныс министрлігі басымдық беретін міндеттер қатарында «жауынгерлік әзірлік пен Қазақстан қарулы күштері бөлімшелерінің жинақылығын қажетті деңгейде ұстап тұру, мемлекеттік және әскери нысандардың күзеті мен қорғанысын қамтамасыз ету» тәрізді міндеттер бар.

Айта кетейік, Қорғаныс министрлігі биыл әскери шерудің өтпейтінін апта басында хабарлаған. Алайда әскери шеру өтпесе де, «әскери-патриоттық шаралар» өтетінін айтқан.

2020 және 2021 жылдары да Қазақстан әскери шеру өткізбеді. Себебі – коронавирус пандемиясы.

Енді міне пандемиядан кейін де шеру өткізбейтінін айтып отыр.