Bugin

СҚО-да тестілеуден өте алмаған мұғалімнің өзіне қол салғаны рас па?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

WhatsApp желісінде Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданында 26 жастағы мұғалім аттестациядан өте алмағандықтан өз-өзіне қол жұмсады деген хабарлама тарап жатыр. Бұл ақпаратты облыстық білім басқармасы жоққа шығарды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

«Кеше Уәлиханов ауданында 26 жастағы жас келіншек Ұлттық біліктілік сынағынан өте алмай, қатты күйзелген. Нәтижесінде бүгін таңертең қорадан өлі күйінде табылды. Ол асылып өлді», - деген ақпарат тарады.

Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының хабарлауынша, ведомстволық тексеру нәтижесі тараған хабарламаның шындыққа жанаспайтынын көрсетті.

«Полиция мұғалімдер арасында өз-өзіне қол жұмсау фактілерін де тіркеген жоқ. Аттестацияға келетін болсақ, оның бес жыл сайын өтетінін ескереміз. Мұғалім одан өтпей қалса, ол жұмысынан айырылмайды. Аттестация мұғалімнің біліктілігі мен қосымша ақы төлеу үшін өткізіледі», - делінген хабарламада.

2018 жылға дейін қосымша ақы 5 мыңнан 17 мың теңгеге дейін болса, қазір жалақының 30-дан 50 пайызына дейін болатыны айтылды.

«Мәселен, жалақы 300 000 теңге болса, қосымша төлем 150 000 теңгеге дейін жетуі мүмкін. Өздеріңіз көріп отырғандай, айырмашылық айтарлықтай өзгерді. Сондықтан білікті мамандардың мұндай күйзеліске түсуіне еш негіз жоқ», - деді олар.