Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comЭкс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды 2022 жылдың соңына таман бостандыққа шығады. Бұл жайлы ҚазТаг агенттігі экс-элитаға жақын адамдардан сұрастырып білді.
Дереккөздің айтуынша, қамауда жатқан Қайрат Сатыбалдының мақсаты да сол – үкіметтің талап етіп отырған бүкіл байлығын мемлекетке беріп, бүкіл шығынды жауып беру. Егер билікпен келісімге келе алса, онда билік талап етіп отырған бүкіл айыппұл мен өтемақыны төлегісі келеді. Сол арқылы қамаудан шығуды қалап отыр.
Айта кетейік, бұған дейін Қайрат Сатыбалды онсыз да «Қазақтелеком» компаниясындағы 30 пайызға жуық үлесін мемлекетке қайтарған еді. Соған қарағанда криминалды жолмен жинаған бүкіл қаржысын мемлекетке қайтарып бергісі келіп отырғанға ұқсайды. Сондай-ақ, жары Гүлмира Сатыбалдының да ұсталуы осымен байланысты болса керек.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61