Әлем

Зеленский соғысты аяқтауға не кедергі болып жатқанын айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Украинаға қажетті көмектің кешігуі басқыншылардың украиндарды көбірек өлтіруіне мүмкіндік жасауда. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский видео үндеуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

- «Қазір басқыншы армияның жауынгерлік бөлігі түгелдей дерлік біздің мемлекет аумағында және Ресей Федерациясының шекаралас аймақтарында шоғырланған. Біздің қарулы күштеріміз халқымызды қорғау үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда. Әлемдік рейтингте Украина армиясы  Ресей армиясынан жоғары тұруға лайық», - деді ол.

Егер Украина барлық қаруларға толықтай қол жеткізсе, онда біз бұл соғысты аяқтаған болар едік дейді Зеленский.

- «Біз тыныштықты қайтарып, территориямызды басқыншылардан азат ететін едік, өйткені украин әскерінің тактикасы айқын», - деді ол.

Мемлекет басшысы басқа мемлекеттердің басшыларымен сөйлесу барысында, үндеулерінде және сұхбаттарында «Украинаның серіктестерінің жылдар бойы қоймаларында сақтап келгенін әлі де сұрауға мәжбүр болуы әділетсіздік» екенін атап өтті.

- «Егер оларда Украинаға қажет қару-жарақ болса, бізге қажет оқ-дәрі болса, мыңдаған украиндықтардың өмірін сақтап қалуға көмектесу олардың моральдық борышы. Ал егер біз  алдағы апталарда Украинаға қажетті көмекті алсақ, мыңдаған адамдардың өмірін сақтап қала аламыз. Әріптестер бұл тезисті тыңдап, әр күннің маңызды екенін түсінеді деп үміттенемін», - деді президент.