ДЕНСАУЛЫҚ

Көкшетауда 12 жастағы мектеп оқушысына «мантудың орнына вакцина салып жіберген»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

15 сәуір күні көкшетаулық дәрігерлер 12 жастағы оқушының иығына вакцинаның орнына манту сынамасын салған. Оқыс оқиғадан кейін қаладағы барлық емдеу бөлімдеріне жедел тексеріс жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Мектеп оқушысын манту сынамасына емханаға шақырады. Алайда білектің ортаңғы бөлігінің орнына инъекция иыққа жасалған. Қыздың қызуы көтеріліп, анасы хабар береді. Анасының айтуынша, дәрігерлер жасөспірімге коронавирусқа қарсы екпе салып жіберген. Осыдан кейін облыстық денсаулық сақтау басқармасы баланы бақылауға алады. Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты.

Сонымен қатар ведомство басшысының хабарлауынша, жергілікті емханалардың барлық процедуралық кабинеттерін тексеретін арнайы комиссия бекітілген.

«Комиссия «Туберкулин» балаларға арналған вакцинаның тоңазытқышта сақталатынын анықтады. Балаға басқа вакцина енгізілгені расталмады», –  дейді Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Сыздықов.

Бұдан бөлек Ақмола облысының бас дәрігерінің айтуынша, мектеп оқушысына манту салған медбике қызметтік тергеу жүргізу кезінде жұмыстан шеттетілген.