Bugin

Атырау мұнай өңдеу зауытына қатысты қылмыстық іс ашылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Монополиялық жағдайын пайдаланып шикі мұнайдың бағасын өсіргені үшін қылмыстық іс ашылды.

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті Атырау облысы бойынша прокуратурасының басшылығы «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС қызметін тексеру шеңберінде 2020-2021 жылдары шикі мұнайды қайта өңдеу бойынша жұмыстарды орындауға монополиялық жоғары баға белгілеу түрінде АМӨЗ үстем жағдайын теріс пайдалану фактілерін анықтады.

Ведомство мәліметінше, монополияға қарсы департаменттің қорытындысы Іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Атырау облысы бойынша прокуратурасына жіберілді.

«Өңірлік прокуратурамен ҚР Қылмыстық Кодексінің 221-бабы «Монополистік қызмет» бойынша «АМӨЗ» ЖШС қатысты сотқа дейінгі тергеу басталып, 2020-2021 жылдары шикі мұнайды қайта өңдеу бойынша қызметтерге монополиялық жоғары бағаны белгілеу фактісі бойынша Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жолданды», - деп ақпарат таратты прокуратура.