Bugin

Путин соғысты доғара ма, жоқ па. Жанында жүргендер не дейді?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

РФ президенті В.Путиннің жанында жүрген төрт адам Bloomberg басылымының тілшісімен сөйлесіп біршама құнды ақпараттар берген. Солардың кейбіріне тоқталып өтейік.

Біріншіден, Кремль шенеуніктердің айтуынша, Путин соғыс бастаймын деген шешімді төрт-бес адаммен ғана ақылдасып шешкен. Арасында Қорғаныс министрі Сергей Шойгу мен қазіргі бас қолбасшы Валерий Герасимов бар. Сосын Путиннің кеңесшісі Николай Патрушев те жүр. Кремль шенеуніктерінің көбі соғыс басталғанын білмей де қалған еді. Осыған себеп – осы: кеңес өте аядай жерде өткендіктен.

Екіншіден, Путин қазіргі соғыстың ауанын да осы адамдармен ғана ақылдасып, кейінгі шешімді де осылардың сөзіне қарап қабылдайтын көрінеді. Сондықтан Путинге деректің қаншалықты рас жетіп жатқанына бұлар да күмәнданатын сияқты. Путинге соғыстың соңы елді қара түнек экономикалық және саяси дағдарысқа алып соғатынын ешкім айтпаса керек. Путин бұл ақпараттан мақұрым болуы мүмкін.

Үшіншіден, Кремль билігінде жүрген шенеуніктердің өзі қазір Ресейдің соғыс бастағанын дұрыс болмады деп өкініш білдіре бастаған. «Апатқа апарар жол болды» деп баға беріп отыр.

Төртіншіден, сөйлескен шенеуніктердің айтуынша, Путиннің соғысты доғарар түрі жоқ. Тістеніп алған көрінеді. Одан бөлек, жоғарыда аты аталған қырсық кеңесшілер қыңырлық танытып, Путинге «соғысты ары қарай жалғастыр, соңына дейін жеткіз» деп кеңес етіп отырса керек. Бұл ортада бейымаралық аура орнаған.

Шенеуніктердің кейбірінің айтуынша, тіпті Путин ядролық бомба жарудан да тайынбауы мүмкін. Сондықтан АҚШ Барлау қызметінің қауіптенуі заңды деседі.

Бесіншіден, соғыстың соңы жақсылыққа апармасын түсінген орыс шенеуніктері Путинді «әскери операцияны» доғаруға көндіріп көргенімен, одан түк шықпаған секілді. Ал бұған Путин «соғысудан басқа амал жоқ, Ресей құрдымға кетсе, Батысты да бірге ала кетеді» деген сыңайда жауап естіген. Путиннің Батысқа деген өшпенділігі мен өкпесі беріш боп қатып қалғанға ұқсайды.

«Путиннің шексіз билігі мен тоталитар жүйенің кесірінен бізді тыңдап жатқан ешкім жоқ. Путиннің жеңілер, келісімге келер түрі жоқ», - деп пікір білдірген атын атамауды өтінген шенеуніктің бірі.

Путин Украинаны жермен жексен етпек – УҚК құпия бұйрықты біліп алды