Bugin
Франция президенті Эмманюэль Макрон Украинаға әскери көмек ретінде 155-миллиметрлі артиллериялық қару мен танкіні ататын зымыран беретінін хабарлады. Бұл жайлы ол Ouest-France газетіне берген сұхбатында айтты.
Макронның айтуынша, украиндарға 12 артиллериялық қару берілмек. Бұлар – Француз қарулы күштері қолданып жүрген қарулар.
Caesar артиллериялық қаруы 40 шақырым жердегі нысаны ататын қару.
Ал АҚШ болса, 155 миллимертрлі 72 дана гаубиц бергелі жатыр. Әрі 144 мың артиллериялық оқ-дәрі жеткізбек.
Немістер де артиллериялық қаруларын бере бастады. Олар гаубиц таситын 2 мың әскери техника бермек.