Bugin

Ағылшын премьер-министрі Украинадағы соғыстың қашан бітетінін болжады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей бастаған соғыс жақын маңда біте қоймасы анық. Оған себеп –  Путиннің қыңырлығы мен украин халқының ерлігі. Осылай деп болжам айтты Ұлыбританияның премьер-министр Борис Джонсон.

Оның айтуынша, қазір Ұлыбритания да АҚШ пен Еуропа елдері сынды Украина ауыр қаруларды беруге тырысып жатыр. Жақын арада артиллериялық ауыр қаруларды жеткізбек.

«Өзімізде бар Т-72 танкілерін Польшаға жеткізіп, одан әрі Украинаға жібереміз», - деп нақтылады Джонсон.

Ағылшын басшының айтуынша, соғыс келесі жылға дейін де созылуы мүмкін.

«Ең өкініштісі де сол – Ресей соғысты жеңіп шығуы ықтимал. Өйткені Путиннің армиясы көп. Елді жалғыз өзі билеп-төстеп отыр. Тәкаппарлық жайлаған басшының бір-ақ жолы бар көрінеді: ол – соғысты одан әрі жалғастыру, жеңбей қоймаймын деген арам ниеті. Сол пиғылының кесірінен Украин қалаларын артиллериялық атыстың астына алып, украин халқының тас-талқанын шығаруға ұмтылмақ», - деп ойын жеткізді Джонсон.

«Украин халқының рухын «сындыру» қиын екенін бәріміз көрдік. Ендеше Путиннің украиндарды жаулап алуы екіталай. Ауылы алыс арман. Бұл да соғыстың созылуына әкелетіні анық», - деп сөзін түйіндеді ағылшын премьер-министрі.

АҚШ пен Франция Украинаға артиллериялық қаруларын беріп жатыр