Bugin
Қарап қалмай АҚШ та жауап берді
Кремль билігі АҚШ-қа Украинаға әскери қару-жарақтарын беруді доғарсын деп нота жіберді. Бұл жайлы Ресейдің АҚШ-тағы елшісі Анатолий Антонов «Россия-24» телеарнасына сұхбат беріп жатып айтты.
Дипломаттың айтуынша, Америка Украинаға «әскери операция» басталғаннан бері $800 млн қаржыға әскери көмек жіберген. Ал бұл – Ресейге ұнамайтын «тірлік».
«АҚШ-қа нота жібердік, сөзсіз. Өйткені Вашиңтон билігі дау-дамайды дипломатиялық жолмен шешуге кедергі келтіріп жатыр. АҚШ-тың ісі – отқа май құю. Мұның арты жақсы болмақ емес», - деп түсіндірді елші Антонов.
Ресей жіберген нотаға Вашиңтон билігі де қарап қалмады. Ақ үйдің өкілі Джен Псаки «Мәскеу жіберген нота – құр қоқан-лоққы» деп пікір білдірді.
«Путин мен ресей басшыларының жоқ жерден бізге қоқан-лоққы жасауына жол бермейміз», - деді Джен ханым тілшілермен кездескенде.