Денсаулық

Денсаулық көзі - жидек

Жидектің бала денсаулығына пайдасы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Балаға қай жастан бастап жидектер ұсынуға болады, қандай мөлшерде және қандай жидек ең пайдалы екені сізді қызықтыра ма? Олай болса бұл кеңеске назар аударыңыз. Кейбір жеміс-жидектер қанық түсті болғандықтан, олардың құрамында пигменттің көп мөлшерде бар екендігін білдіреді. Яғни, ол тағамға аллергиясы бар балаларды ғана емес сонымен қатар дені сау балаларда да аллергиялық реакцияларды тудыруы мүмкін. Баланы 7 айдан асқан соң жидектің кейбір түрімен ғана таныстыруға болады. Мысалыға, таңқурай- құрамында органикалық қышқылдарға, кальций, фосфор, темірге бай. Суық тиіп қалған кезде қызуды бірден басатын таңқұрай ғана. 

Балаға компот немесе кептірілген түрде, ал  қантпен араластырып тоңазытқышта сақтап қойсаңыз, өзіңізге де балаларыңызға да пайдалы дәрумендерге толы тосап ретінде қолдана аласыз. 

Қарақат- құрамында макро және микро элементтер, С, Р, К дәрумендері көп. Қарақат ересек адамдардың ағзасындағы жараны кетіруге, гастритті жоюға, бүйрек ауруларына, зат алмасу жүйесін реттеуге көмектеседі. Вирус арқылы таралатын аурулар күшейе түскен кезде осы қарақаттан жасалған тосаптар мен балғын жеміс-жидектің пайдасы мол. 

Қызыл қарақат- қызуды түсіруге, өкпе ауруларына, маусымдық аллергия кезінде көмектеседі. Қайнатылған, сығылған және қызығылт қарақаттар баланың тәбетін ашып шөлін қандырады.

Ал, құлпынай мен бүлдіргенді 1 жастан асқан балаларға тұтынуға кеңес беріледі. Сонымен қатар қызыл жеміс ағзаға В және С дәрмендерімен, каротин, фолий қышқылы, жасұнық, марганец, кальций, пектин, органикалық қышқыл, темір, йод, калий мен фосформен байытылған. 

Итмұрын– халық медицинасында кеңінен таралған жидек. Піскен және кепкен итмұрынның құрамында қышқыл, калий, натрий, кальций, магний, фосфор, темір және А, В, РР, С дәрумендері бар. Күнделікті өмірде тіс тазалағанда кей балалардың тісін қанағанын байқаймыз, бұл жағдайда итмұрын тұнбасының пайдасы бар. Ал шайы түрлі ауруларға қарсы тұрып иммунитетті көтереді. 

Қаражидек адам ағзасын сүт, лимон, хина, қымыздық және тағы басқа да қышқылмен, сонымен қатар, микроэлементтермен байыта алады. Басқа жеміс-жидек секілді қаражидектер диета кезінде ұсынылады. 100 грамм қаражидекте 44-ақ калория бар, есесіне көпшілік сүйсініп жеп, жеңіл тоқбасарларға, балмұздақ, смузилерге қосады. Көздің жақсы көруіне де әсер ете алады, жүрек-қан тамырлар жүйесінің қызметін күшейтіп, инфекциялық аурулардың бетін қайтарады.

Ал сізге және сіздің балаңызға қандай жидек ұнайды?