Bugin
АҚШ қорғаныс министрлігі Ресейдің Украинаға соғыс басталғалы бері 1900-ден астам зымырандық соққы жасағанын хабарлады. Бұл туралы брифинг барысында Пентагон шенеунігі мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
- «Соғыс басталғаннан бері 1900-ден астам зымыран соққысы жасалған. Зымырандық соққының көпшілігі Мариупольге, Біріккен күштер операциясы аймағына және Донбассқа тиесілі» - деді ол.
АҚШ Қорғаныс министрлігі ресми өкілінің айтуынша, әуе шабуылдарының барлығы дерлік ресейлік әуе базаларынан жасалған.