Bugin
Маңғыстау облысының прокурорлары радиоактивті қалдықтар полигонының заңсыз салынуына жол бермеді. Бұл туралы Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қадағалау органының хабарлауынша, 2021 жылдың қаңтарында West Dala компаниясына Қарақия ауданында жер телімі берілді. Аумақ өнеркәсіптік қалдықтарды қабылдау, уақытша сақтау, көму және өңдеу кешенін салу үшін бөлінді.
- «Өткен жылдың маусым айында аудан әкімдігі учаскенің нысаналы мақсатын «радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу үшін арнайы кешен салу» деп өзгертті. Алайда мұндай шешімдерді аудан әкімдігі емес, Үкімет қабылдайды. Тиісінше, аудан әкімдігінің қаулысы заңсыз болып табылады», - деп мәлімдеді облыс прокурорлары.
Маңғыстау облысының табиғатты қорғау прокуратурасының наразылығы бойынша әкімдіктің шешімі жойылды.