Bugin

Талдықорғанда мұғалім мен оқушы арасында жанжал шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Талдықорғандағы орта мектептердің бірінде сабақ барысында мұғалім мен оқушы арасында жанжал туындағаны туралы желіде видео тарады, деп жазады Bugin.kz порталы ztb_kazakhstan Instagram-парақшасына сілтеме жасап.

Видеода екі адам бір-бірін итеріп, ауыр сөздер айтып дауласқан.

Алматы облысы білім басқармасының айтуынша, оқиға 11 сәуірде болған. Мұның басты себебі мұғалім оқушының сыртқы киім үлгісіне және тым қатты боянғаны үшін ескерту жасаған. Оған оқушы да дөрекілікпен жауап берген.

«Оқиғадан кейін мектеп әкімшілігі этика кеңесін өткізді, кеңеске оқушының анасы мен мұғалімі қатысып мән-жайды анықтаған. Кеңес қорытындысы және түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде тараптар татуласып, бір-бірінен кешірім сұрап тарқасқан», - деп хабарлады білім басқармасының өкілдері.

Айта кетейік, аталған жағдайдан соң мұғалім денсаулық жағдайына байланысты өз еркімен жұмыстан кеткен. Ал мектеп оқушысымен алдағы уақытта психологтар жұмыс істейді.