Bugin
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагогтерге арнап ауызашар жасады. Бұл туралы министр Facebook желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«Қасиетті Рамазан айында елордалық мектептерде жұмыс істейтін мұғалімдерді ауызашарға шақырдым. Осы мүмкіндікті пайдаланып, әріптестерімізбен білім саласындағы мәселелер төңірегінде де әңгіме өрбіттік», - деп жазды министр.
Аймағамбетов білім саласына қатысты әңгімелесіп, пікірі мен ұсынысын айтқан мұғалімдерге алғысын білдірді.