Bugin

Қазақстан билігі Назарбаевтың ерлігін Ата Заңда бекітуден бас тартты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан үкіметі экс-президент Н.Назарбаевтың мәртебесі мен рөлін Ата Заңға бекітуден бас тартты. Бұл жайлы мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин мәлімдеді.

«Бүгін Конституциялық кеңес Ата Заңға өзгеріс енгізу жөніндегі заң жобасын мақұлдады. Бұл – конституциялық реформаны іске асырудың ел мен ұлттың болашағы үшін маңызды кезеңдің бірі. Конституциялық реформа билік тармақтары арасындағы қарым-қатынас теңгерімін оңтайландыруға, халықтың елді басқаруға қатысуын кеңейтуге, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған. Сондай-ақ, жұмыс тобының кейбір мүшелерінің ұсынысын ескере отырып, Конституциялық Кеңеске Тұңғыш Президенттің мәртебесіне қатысты норманы алып тастау туралы қосымша өтініш жіберілді. Жұмыс тобы мүшелерінің пікірінше, тұңғыш Президенттің тарихи рөлі жалпыға мәлім әрі оны Конституцияға бекітудің аса қажеті жоқ», - деп мәлімдеді Қарин.

Айта кетейік, экс-президент Н.Назарбаевтың елдің іргесін қалаған мемлекеттік қайраткер ретінде айрықша мәртебе беріп, оны Ата Заңға бекіту жайлы ұсыныстар айтылған еді. Алайда бұған қоғамның бір тобы қарсылық білдірді.