Hi-Tech
Ал сіз білесіз бе?
Себебі Samsung компаниясының жетістікке жетуіне мемлекеттік деңгейде қолдау білдірілген. Ел үкіметінің мақсаты бір компанияның лозунгімен бір елдің атын әлемге таныту болған. Компанияның жарнама жасауға да қомақты қаржысы жоқ еді. Одан бөлек, Чу құрастырған кәріс микротолқынды пеш әзірге экспортқа дайын емес. Соның өзінде Samsung басшылары жаңа өнімді АҚШ нарығына шығаруды көздейді. 1980 жылдары Америка тұтыну мүмкіндігіне орай әлемдегі ең үлкен нарық болатын. АҚШ микротолқынды пеш нарығының 75 пайызы General Electric компаниясына тиесілі болған болса, қалғанын жапониялық өндіріс өкілдері иемденген еді. 1979 жылдың орта шеніне қарай, әлемде 4 миллион дана микротолқынды пеш сатылған болса, оның небәрі 1460 данасын кәрістер дайындаған. 40 жылдай бұрын Америка нарығындағы пештер 350-400 АҚШ доллары бағасымен сатылған. Ал Samsung өз өнімін 300 доллардан нарыққа шығарады. Компанияның аты белгісіз болғаннан кейін, өнімге бастапқыда сұраныс болмайды. Микротолқынды пештердің төмен бағамен сатылуы Samsung үшін барып тұрған шығын болды. Ал оның сұранысқа ие болмауы шығын көлемінің артуына алып келді.