Bugin
Экс-президент Н.Назарбаевтың жиен інісі Қайрат Сатыбалды мен құдасы Қайрат Боранбаевтың қазір қамауда жатқаны белгілі. Алайда оларды қашан босататыны белгісіз. Қайрат Сатыбалдының ұсталғанына бүгін, 13 мамырда, екі ай болды. Ал Боранбаев бір жарым айдан бері қамауда.
Бүгін Нұр-Сұлтан қалалық ауданаралық соттың хабарлағанындай, бұл кісілердің қамау мерзімі тағы да ұзартылды.
«12 мамыр күнгі Нұр-Сұлтан қалалық ауданаралық маманданған соттың шешімімен Қ.Сатыбалдының қамау мерзімі бір айға, 10 мамыр күнгі Нұр-Сұлтан қалалық тергеу сотының шешімімен Қ.Боранбаевтың қамау мерзімі бір айға ұзартылды», - деп хабарлады сот шешімін ҚазТаг агенттігі.
Осы орайда айта кетейік, ҰҚК-ның экс-басшысы Кәрім Кәсімовтің де қамау мерзімі тағы бір айға ұзартылған еді.