Білім және ғылым
Салық Омаров Орал облысы Жымпиты уезі Өлеңті болысы Жетікөл ауылында дүниеге келген. Батыс Алашорда қайраткері. Тегi – Байұлына жататын Байбақты руының Дат бөлiмi. Қазақ халқының атақты биi, батыры, қоғам қайраткері Сырым Датұлынын шөбересі, батырлығына қоса шешен болған, сол үшiн ел iшiнде «қанатты Қазы» атанған полковник Қазы Сырымұлының немересі. Өз әкесі Омар да сөз ұстанған, ел iшiнде ықпалды адам болған. Ол ата жолын қуып, қазақтың ұлттық тәуелсiздiгi үшiн белсенді қызмет атқарды. Бұл iске Салық 1916 жылдан бастап араласты. Патшаның қазақтарды тыл жұмысына – окоп қазуға жөнелту жөнiндегi тәртiбiн Өлеңті болысының управителi кезiнде орындаудан бас тартқаны үшiн орнынан алынды, жазаланды.
Кезiнде өз қаржысы есебiнен Opал әскери-реалды училищесiнiң оқушысы, кейiннен Мәскеу университетiнiң заң Факультетiнiң студентi, өзiнiң туған жиенi (Жаһаншаның анасы Рабиға Салықтың апасы) Жаһанша Досмұхамедовке оқып, білім алуға тікелей көмектеседі.
Салық Омаров «Ойыл уәлаяты» Уақытша үкіметінің құрметтi мүшесi ретiнде жер мәселесі, яғни ауылдың шаруашылық-әлеуметтік жағдайына жауапкершілікті өз мойнымен көтерді, сонымен қатар ол ақсақалдар кеңесiне жетекшілік етiп, Алашорда билiгiне халық арасында ықпалы мол рубасшыларының көмегiн ұйымдастырды. Ол «Ойыл уәлаяты» Уақытша үкіметінің құрметті мүшесі болған кезiнде Салық Омаров билiктен өзгенi бiлмеген. Кезiнде байбақтыны жалғыз ауыз сөзiмен тоқтатқан, бағыныштылар оның құдіретін сыйлаған.
Салық Омаров 40 жыл бойы Өлеңті болысының управителі болып сайланды. 1912 жылы сайлауда орнына орысша сауатты Әжiгерей Есеналин сайланғаннан кейiн, сауда-кәсiпкерлiк қызметпен айналысты.
1917 жылы Ақпан революциясынан соң халықтың өзiн-өзi басқару құрылымын түзу кезiнде ел ішіндегі көзі ашықтарға және отағасылық билік түзiлiмiне, «азаматына Алаштын» арқа сүйеген. Жаһанша мен Халел Досмұхамедовтер кезiнде өз бабалары – тана Малайсары би мон беріш Алдар билер тiрек болған Сырымның ұрпағы Салық Омаровты 1917 жылы сәуiрде өткен 1-iншi Орал облыстық қазақ съезіне арнайы шақырды. Осы кезде Салық Омаров Жайық сырты қазақтарының облыстық комитетіне мүше болып сайланады. Съездегі Салық Омаровтың ықпал күші Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол тайғақ кешу» тарихи-мемуарлық романында сoл кезеңнiң идеологиялық талабына орайластыра, шындыққа бiршама жақын суреттелген.
1917 жылы жазда Жымпиты уездік атқару комитетінің жаңа аумақтық межелеу саясатына қарсы шығып, бұрынғы ауылдық болыстық аумақтық бөліністі сақтап қалуды қызу жақтады. Мұны мемлекеттiк сезiмi төмендеу, аламандық мiнезi күштiлеу келетiн көшпелі тұрмыс салты ыңғайында жүргізді. Кәрім Жәленов, Бақтыгерей Игiлiков басқаратын уатком құрамын күшпен таратып жiберу iсiнiң басында тұрды. 1917 жылы жазда земстволық съезді шақыруға байланысты құрылған Жымпиты уездiк ұйымдастыру комитеті құрамына кірді, уездiк земство управасының торағалығына Бижан Жанқадамовты сайлауға атсалысты.
1918 жылы ақпанда Қаратөбеде өткен 3-інші Орал облыстық қазақ съезiнде Жайық сырты қазақтарынын бөлек облыс болу ниетiн қызу қолдап, осыған орай елге түсетін салық ауыртпалығын жұмыла көтерудi жақтады, жаңадан құрылмақшы Алаш әскерiне 200 ат берді. Дінге, ескіше неке киюға және жекеменшiкке қарсы большевиктік саясатты мойындамады.
1918 жылы сәуірде Орал облысы қазақ земство басқармасы мен қазақтардың әскери үкiметi арасында қол қойылған одақтық келісімшартты қолдап, оны сол жылы Жымпитыда өткен 4-iншi Орал облыстық қазақ съезiнде бекiтуге белсене қатысты. Сол съезде Жайық сырты қазақтарының жоғары билік органы – «Ойыл уәлаяты» Уақытша үкiметiне мүше болып сайланды, жана үкімет құрамында жер пайдалану мәселесiне жауап береді. Уақытша үкіметтің 1917 жылдың 3 сәуірдегі үкiмiмен яғни бекітілген уақытша жер пайдалану тәртібінің орындалу, Құрылтай жиналысына дейін жергілікті халықтан қазына есебiнен жаңадан жер алынбауын, жұт жылдары бұрынғы переселендерден қалған учаскiлердiң, сондай-ақ бос жатқан мал жайылымдарының күнкөрісі қиындаған ауылдарға бір жылға тегін берiлуiн қадағалады. Батыс Алашорда Уақытша үкіметі таратылғаннан соң, Орал губкомының Төтенше комиссариаты тарапынан ұсталып, концлагерьге қамалды. 1920 жылы 18 сәуiрде 5 жыл мерзiмге бас бостандығынан айыру жөнiнде үкім шығарылды. Салық Омаровтың Қазәсревкомға жазған арызынан кейін Ә.Әйтиев, С.Арғыншиевтың араласуымен үкім күшiн жойды. Салық Омаров кейiннен елде шаруашылықпен айналысты. 1928 жылы Орал округіндегі ірі байларды тәркілеп, жер аудару науқаны басталар қарсаңында Қызылордаға, Жаһанша Досмұхамедовке келіп, акыл-кеңес алды. Оралда өзін тәркілеуге iлiктiрмеу туралы Орал округі бойынша Қазақ өлкелік партия комитетінің уәкілетті өкiлi Қ.Сармолдаевка Жаһанша Досмұхамедовтiң жазған хатын әкеледі. Алайда күштеп тәркілеу құрығынан кұтыла алмай «жартылай феодал» аталып, бай ретінде, Алаш қозғалысына белсенді қатысушы ретінде мал-мүлкі тартып алынып, Орал округі бойынша тәркiге түскен 113 адам қатарында үй iшiмен Жетісу округіне жер аударылды.
Алайда күштеп тәркілеудің құрығынан құтыла алмай, «жартылай феодал» аталып, бай ретінде де, Алаш қозғалысына белсене қатысушы ретінде де мал-мүлкі тартып алынып, 1928 жылдың 5 қазанында 1 топтағы қауiптi элемент (солшыл) деген айып тағылып, Орал округі бойынша тәркiге түскен 113 адамның қатарында үй iшiмен Жетісу округiне жер аударылды. Мұнда Батыс Алашорданың тағы бір көрнекті қайраткері Қуанай хазірет Қосдаулетов екеуi мал шаруашылығын дамытты, ел iшiнде беделге ие болды.
Кейіннен Салық Омаров Жаһанша Досмұхамедовтiң көмегімен елге қарай жақын жерге - Орынборға келіп қоныстанып, 1934 жылы 66 жасында Сорочинск ауданы «Революционер» кеңшарында қайтыс болды. Бұл Салық жөнiндегi мәлiметтер және құжаттар Салық Омарұлының туған жиені – Қитаров Қуаныштың 2007 жылы жарық көрген «Сырым батырдың ұрпағы!» кітабынан алынды.
Қуаныш әкесі Сәлеке Салықтың қызы Қалимаға үйленген. Сәлеке Иманғалиұлы 1937 жылы әйелінің тегіне байланысты әлеуметтік қауiптiлер қатарына жатқызылып, 8 жылға «халық жауы» деп қараланып, сотталды, кейiннен 1946 жылы босатылып, оқу орындарын тамамдап, біраз жыл ұстаздық құрды.
Салықтың ұлы Әбiлхайырдың қызы Жауhар Ресей жерiнде жоғары оқу орнын бiтiрiп, экономика саласындағы оқу орындарында сабақ берiп, кейіннен Оралға келiп механикалық зауытта бас бухгалтер жұмысын атқарды. Арғы атасы Омардың бейітін жаңғыртып, белгi койды. Өз атасы Салықтың артында қалған ұрпақтарына қамқорлық жасады. Салық Омаров Алашорданың көрнекті қайраткері Қуанай хазірет Қосдәулетовпен бірге Жетісу жерінде мал шаруашылығын дамытты. Ел ішiнде үлкен беделге ие болған.
Соңында қалған ұрпақтарынан Шұғыл, Ғабдол-Насыр деген екi ұлы белгiлi. Ғабдол-Насыр Орал қаласындағы медицина техникумында сабақ берiп жүргенде, қызметтен шығарылып, 1937 жылы репрессияға ұшыраған.
мәлімет «Алаш қозғалысы және Жаһанша Досмұхамедов» кітабынан алынды (авторы: Д.Сүлейменова)