Bugin

Тарихта қалған ең қорқынышты маньяк: «Ғасырға созылған тергеу»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

50-ден астам адамды аяусыз өлтірген ең қорқынышты маньяк неліктен он жыл бойы ұсталмады? Керісінше оның орнына жазықсыз адам сотталып, атылды. Тергеушілер не істерін білмеді, өйткені КСРО тарихында ол сияқты өлтірушілер болмаған. Бұл оқиға туралы Bugin.kz порталы Lenta.ru басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қол жетпес 

Ростов облысындағы Шахты қаласы Ресейдегі ең қауіпті қала деп танылды. Өмір сүру сапасы бойынша Шахты қаласы 150 қаланың 144-ші орнын иеленді. Ал, тұрғындардың сыпайылығы мен ақжарқындығы бойынша Шахтылықтар 150-ден 136-шы орынға көтерілді.  

Шахты бұл жағдайға дейін шын мәнінде танымал болмады: 1978 жылы 24 желтоқсанда Грушевка өзені арқылы өтетін көпірдің астынан тоғыз жасар Лена Закотнованың денесі табылды. Бұл кісі өлтіру сериясындағы алғашқы мәйіт болды. Тіпті ең тәжірибелі тергеушілер бұл мәселенің шешімін таба алмады. 

24 желтоқсанда кісі өлтірді деген күдікпен Александр Кравченко ұсталды. Ол бұған дейін он жасар қызды зорлап, өлтіргені үшін сотталған еді. Кінәсі болмағанымен Кравченко сотталып, атылды. Бірақ ұқсас қолжазбадағы кісі өлтіру мұнымен бітпеді. 1982 жылы белгісіз маньяк жеті баланы өлтірді. 1983 жылы қыркүйекте ақыл-есі кемдерге арналған мектеп-интернаттың 20 жастағы оқушысы Шабуров ұрлық жасамақ болған жерінде ұсталды. Жауап алу кезінде ол екі қызды өлтіргені үшін кінәні өз мойнына алып, бұл қылмысты сыбайластарымен бірге жасағанын мойындады. Нәтижесінде олар тоғыз адамды өлтіргенін мойындады. 

Күдіктілер басқа да қылмыстардың мән-жайын егжей-тегжейлі баяндады: олар құрбандарын қалай кездестіріп, елсіз жерлерге апарғанын, қалай қорлап, зорлап, өлтіргендерін айтып берді. Рас, біраз уақыттан кейін ұсталғандар бірауыздан айғақ беруден бас тартты, содан кейін қайтадан растады. Бірақ күдіктілердің психологиялық проблемасына байланысты тергеушілер бұған аса мән бермеген. 

Тергеу «Ақымақтардың ісі» деп аталды, алайда, қылмыскерлер тұтқынға алынғанынмен өлтіру ісі жалғаса берді. Новошахтинск мен Шахтыда 1983 жылдың қыркүйегінен 1984 жылдың қаңтар айының басына дейін бірнеше адам өлтірушінің құрбаны болды. 1983 жылы қыркүйекте маньяк 22 жастағы қаңғыбасты өлтірді. Жергілікті тұрғындар қылмыс орын алғаннан кейін көп ұзамай марқұмның денесін тауып алып, дереу полицияға хабарлаған. Бірақ шыққан топ сипатталған орынды таппады. Тәртіп сақшылары  іздеуді жалғастырмау үшін куәгерлердің мәлімдемесін жоюды жөн көрді. Алайда, қараша айында Шахты қаласының тұрғыны денені кездейсоқ көріп қалып, детективтерге бір хабарын береді.  

Тергеуге психиатр Александр Бухановский көмектескен. Істі мұқият зерттеп, ол маньяктың психологиялық портретін жасады. Бухановский кісі өлтірушіні ауқатты отбасыдан шыққан адам деп болжады. Маман кісі өлтіру оқиғаларының сейсенбі және бейсенбі күндері жиі болатынына, ал мәйіттердің теміржол маңынан табылғанына баса назар аударды. Психиатр маньяктың ауысымдық жұмысы бар немесе іссапарға баратынын және көбінесе қоғамдық көлікпен - пойызбен немесе автобуспен жүретінін айтты. Бухановский тіпті мамандықтардың тізімін жасап шықты.   

Алайда, маньяктың портреті құқық қорғау органдарына көмектеспеді. Бір күні тәртіп сақшылары жезөкшенің жанында жүрген күдікті адамды байқап, оны сол маньяк деп ойлайды. Олар оған жақындап, өздерін таныстырып, тінту кезінде портфельінен лас сүлгі, пластик сабы бар асхана пышағы, бір банка вазелин, бір кесе сабын және екі орам арқан тапқан. Ер адам бұл заттардың болуын жабдықтау саласында жұмыс істейтіндігімен түсіндірді. Ол босатылды. Бұл кісінің есімі Андрей Чикатило еді, бірақ ол соттан жалтарып үлгерді. 

Кездейсоқ сәттілік 

Үздіксіз өлтірулердің салдарынан тергеушілер «Орман белдеуі» кодтық атымен бұрын-соңды болмаған операцияға барды: оған он миллионға жуық рубль бөлінді. 1986 жылдың сәуірінде тікұшақтар Ростов ормандары мен өрістерін айналып, ауаға көтерілді, ал теміржол вокзалдарында және пойыздарда азаматтық киім киген полиция қызметкерлері кезекшілікте болды. Сонымен қатар, олар маньяк қолға түсіруі мүмкін деген адамдарды, орман арасына жіберді. Полиция қызметкерлері сырттай бақылап, вагондарды патрульдеумен айналысты. Ал, сақшылар милицияларға маньякты қолға түсіруге көмектесті. Операцияның ауқымын түсінген киллер көшге түспеуді ұйғарды. Нәтижесінде «Орман белдеуі» мыңнан астам басқа қылмыстарды – кісі өлтіру, ұрлық, тонау және зорлауды ашуға көмектесті. Құқық қорғау органдары жыныстық мінез-құлқы бұзылған 50 мың адам туралы ақпарат жинады. Бірақ операциянегізгі мақсатына жете алмады. 

Тергеуші Иса Костоев маньякты табуға үміттеніп, өлім жазасын күтіп жүрген басқа өлтіруші – Анатолий Сливкодан көмек сұрайды. Ол өз ойын білдіруге қарсы болған жоқ, бірақ өзінің психикалық ауытқуларының призмасы арқылы бірқатар қате болжамдар жасады. Мысалы, Сливконың айтуынша, тергеу бірден екі маньякты іздеуі керек еді, олардың бірі қыздарды, екіншісі ұлдарды өлтіреді. Сонымен қатар, Сливко тергеу перспективаларын былай сипаттады: «Пайдасыз. Мұны есептеу мүмкін емес. Әркім өзі біледі». 

1990 жылы 6 қарашада сержант Игорь Рыбаков вокзалдардың бірінде кезекшілікте болды. Барлығы тып тыныш, әдеттегідей өтіп жатты. Бірақ кенеттен Рыбаков іскерлік костюм киген бейтаныс адамға назар аударды. 

- «Киіміне бұтақтар, әртүрлі жапырақтар жапсырылған. Мен оны 15 минуттай бақылап отырдым. Есімде сақтап қалу үшін оны мұқият қарап шықтым. Ол өзін таныстырып, жеке куәлігі мен құжаттарын көрсетуін өтінді», - деді Рыбаков. 

Ер адам еш қиналмай, Донской ауылындағы досына келгенін айтып, төлқұжатын көрсеткен. Тәртіп сақшысы деректерді қойын дәптеріне жазып алып, бейтаныс адамды босатқан, себебі оны ұстауға ресми себеп жоқ еді. Бірнеше күннен кейін вокзал маңындағы орманнан жергілікті тұрғындар қыздың денесін тауып алып, полицияға хабарлаған. Тергеушілер соңғы күндері кезекшіліктің көрші станциялардағы жазбаларын зерттеп, Чикатилоның — фамилиясына ерекше назар аударды. Чикатило бақылауға алынды. 

Бірнеше күн тәртіп сақшылары Чикатилоны бақылап отырды. Олар оның мінез-құлқын оғаш деп ойлады. Себебі, ол кездейсоқ адамдармен танысып, қаланы аралап жүрді. Тергеушілер оған жаңа жәбірленушіні іздеп жатқанын айтты. 1990 жылдың 20 қарашасы Чикатило жолын полиция киімін киген адамдар жауып тастады. Ол қарсылық көрсетпей, сабырлы түрде қолына кісен салуға рұқсат берді. 

Чикатило екі апта бойы қамауда болды, бірақ оған қарсы ешқандай дәлел табылмады. Қамаудың 15-ші күні аяқталып қалды - заңда белгіленген мерзім өткен соң, ер адамға айып тағылуы немесе босатылуы керек еді. Содан кейін онымен сөйлесу үшін психиатр Александр Бухановский келді. Маманға Чикатилоны ашық әңгімеге тарту үшін үш сағат жеткілікті болды. Көзіне жас алған маньяк 52 кісі өлтіргенін мойындады.