Әлем
Эрик Лафорг атты фотограф біршама жылдан бері әлемді аралап, түрлі халықтың өмір сүру стилін фотоаппаратына түсіріп келеді. Осы уақытқа дейін 50 елде болған өнер адамы Ангола, Қытай, Ауғанстан, Эфиопия, Бенинге де іс-сапармен барған. Алайда Солтүстік Кореяға барғанда оған бұл мемлекетке өмір бойына кіруге тыйым салынады. Өйткені басшылық фотографтан Солтүстік Кореяда түсірілген суреттерді әлеуметтік желіден өшіруді сұрайды. Алайда Лафорг келіспеген.
Bugin.kz порталы grandnews.info сайтына сілтеме жасап назарларыңызға Солтүстік Кореяда түсірілген суреттерді ұсынады.
Пхеньян метросындағы станциялардың бірі
Солтүстік Кореяда метро стратегиялық нысан болып саналады, сондықтан шетелдіктерге ол жерді суретке түсіруге тыйым салынған. Сонымен қатар шетелден келгендер үшін елдегі үш станция ғана жұмыс істейді.
Әскерилер газонда
Батыс елдерінде Солтүстік Корея халқы жиі аштыққа ұшырайтындықтан, шөпті тамақ ретінде пайдаланады деген пікір қалыптасқан. Ал бұл фотода сарбаздар газон біркелкі болуы үшін шөптерді қолмен жұлып отыр.
Көшбасшыға құрмет көрсетіп жатқан пионерлер
Бұл суретке балалардың мойынындағы қызыл галстук үшін тыйым салынған болуы мүмкін.
Солтүстік Корея ауылындағы қарапайым үйлер
Ауылдағы қарапайым адамдар тұратын үйлер халықтың кедей тұратынына назар аудартады. Эрик Лафоргтың айтуынша, осындай суреттен кейін оның қасында жүрген гид фотографтың камерасын алып кетеді.
Қарапайым киім тігуге арналған мата шығаратын химиялық зауыт
Солтүстік Кореядағы барлық өнеркәсіптік кәсіпорындар стратегиялық нысан болғандықтан, оған баруға және суретке түсіруге тыйым салынады.
Хамхын қаласындағы көше тағамдары
Басқа мемлекеттердегі секілді Солтүстік Кореяда да көше тағамдары сатылады. Алайда олардың мәзірінде негізінен дәстүрлі кимчи қырыққабаты ғана бар.
Қоғамдық көлік аялдамасындағы кезек
Электр қуатының жетіспеушілігіне байланысты болатын аялдамалардағы толассыз кезек – Солтүстік Кореядағы қарапайым жағдай.
Елдегі компьютер
Суреттегі қыз қосылмаған компьютер алдында отыр. Оның қай бағдарламада жұмыс істеп жатқаны да белгісіз.
Пхеньяндағы трамвай
Елордадағы тот басқан ескі қоғамдық көлік бүкіл елдегі жағдайдың нашар екенін айтып тұрғандай.
Пхеньян ауруханасындағы адамның көру қабілетін тексеру
Суретте көрсетіліп тұрғандай көзін тексертіп жатқан қыз біріншісін қасықпен, екінші көзін жай жауып тұр. Соған қарамастан дәрігер оның көру қабілетін тексеріп отыр.
Фототүсірілімнен қашып жатқан тұрғын
Солтүстік Кореяның жергілікті тұрғындары өздерін шетелдіктердің суретке түсіргенін жақтырмайды.
Колхозда жұмыс істеу үшін жиналған балалар
Мемлекеттің барлық тұрғыны қоғамға пайдалы болуы керек. Олар оқушыларды ауыл шаруашылығымен айналысатын халыққа көмектесу үшін пайдаланады.
Солтүстік Корея көшбасшыларының ескерткіштері
Мұнда ескерткіштерді артқы ракурстан түсіруге тыйым салынады. Сонымен қатар басы, аяғы, басқа да дене мүшелері қиып алынған фотосуреттер де жарамайды.
Солтүстік Кореядағы ескі үйлер
Солтүстік Кореядағы ескі үйлер әдемі көрінгенімен, ол жерде тұру адамға қолайлы емес. Қыста халық үйлерін жылыту үшін пеш қосады және пештің үстінде тамақтарын да пісіреді.
Жапония теңізінің жағалауындағы тікенек сым
Бұл тікенек сым жаудан қорғану үшін жасалған. Сонымен қатар азаматтардың елден қашып кетпеуін қадағалау үшін де қолданылады.
Әскери қызметтегі әйелдер
Солтүстік Кореяда әскери қызметке әйелдер де шақырылады. Олардың міндеті – шаруаларға күнделікті ауыл шаруашылығы жұмыстарында көмек көрсету.
Жолдағы жүк көлігі
Елдегі жанармайдың жетіспеушілігінен, көптеген көлік Еуропа елдерінде Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қолданылған жанармаймен жүреді. Сондықтан республикада сапасы төмен және ескірген отынды пайдалану салдарынан автокөліктердің бұзылуы жиі кездеседі.
Қос ғашық
Азия елдерінде сезімді көпшілік алдында білдіру дұрыс емес деп саналады. Сол себепті мұндай фотоларға тыйым салынған.
Оңтүстік Кореямен шекарада орналасқан Кэсон қаласындағы тұрғын үй
Солтүстік Кореяда тұрғын үйді суретке түсіруге тыйым салынған. Ал желіде тарап кеткен суреттерді қарасаңыз, халықтың қаншалықты төмен жағдайда өмір сүріп жатқанын көре аласыз.
Әскери қызметтегі әйелдер
2015 жылдан бастап Солтүстік Кореяда ер адамдардардың жетіспеушілігіне байланысты қыздар да әскери қызметке шақырыла бастады.