Қоғам

Медиасауаттылық жалған ақпарат легінің алдын ала ма?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақпарат мен технология дамыған сайын медиадағы контент легінің саны артты. Бұрын айына, аптасына деп көретін жаңалықтарды қазір тіпті сағаттап емес, минуттап көруге, оқуға мүмкіндік бар. Бұл дегеніміз күнделікті өмірде аудиторияның мыңдаған ақпаратты оқып, оның ішінен өзіне керегін алу. Алайда бұл мәселеде атүсті қарауға болмайтын үлкен проблема жатыр. Бұл – медиасауаттылық мәселесі.

Медиасауат қоғам өмірі үшін, жалпы кез келген елдің ішкі және сыртқы ақпарат алмасу алаңы үшін өте маңызды болып табылады. Себебі адамдардың дұрыс әрі тексерілген, сенімді ақпарат алмауынан түрлі оқиғалар туындауы мүмкін. Мұның ішінде қылмыстық іс, әкімшілік жауапкершілікке тартылатын деңгейдегі мәселеде қарастырылады. Бұған еліміздегі БАҚ туралы заңнамаға сәйкес, әлеуметтік желіде немесе ресми тіркелген БАҚ өкілдерінің жалған ақпарат таратуы кезінде заңмен қудаланатынын ескеру керек.

Әлемдік жаһандану кезеңінде жаңа ақпараттық технологиялардың қалыптасуы әрі дамуымен қатар медиада ақпаратты тарату құралдарының түрлі формалары әрі өзіне тән моделдері қалыптасты. Олар әр сәт сайын түрленіп отырды. Әлемдік деңгейдегі зерттеушілер интернеттің қоғам санасына енуімен жаңа медиаға тән моделдердің көбейіп жатқанын, олардың үлкен аудитория, яғни оқырман үшін күрес жолын таңдайтынын айтады. Мәселен, қазіргі таңда өмірімізге етене еніп, тіршіліктің бір бөлшегіне айналып кеткен Facebook, Instagram және Twitter, кейін қосылған TikTok секілді әлеуметтік желілерсіз қоғамдық деңгейдегі шаралардың ұйымдастырылуын елестету мүмкін болмай қалды. БАҚ ағыны қоғамдағы барлық салада қызмет етеді. Газет-журналдарды айтпағанда, БАҚ-тың онлайн кеңістігінде кез келген адам, кез келген ақпаратқа қатысты дерек немесе материал таба алады. Бұл бұрын белгілі бір деңгейде қолжетімді болмаса, қазір ашық дереккөз базасы арқылы бәрін алуға, қарауға, оқуға, көшіруге, пайдалануға болады.

Цифрлық қосылудың маңыздылығы цифрлық технологиялардың әлеуметтік өзгерістерге, оның үстіне экономикалық, саяси және мәдени дамуға алып келуі мүмкін екендігіне негізделеді. Интернеттің таралуы кезінде мәселе Интернетке қол жетімді және қол жетімді емес адамдарды бөлетін «сандық бөліну» болды. Әлемнің әртүрлі елдерінде интернеттің енуі өскен сайын, зерттеу бағыты сандық бөліну мәселесінен сандық теңсіздік проблемасына ауысты. Сандық теңсіздік теңсіздіктің әртүрлі формаларының тұтас жиынтығын білдіреді: жабдықта, автономияда, дағдыларда, қолдауда, желіде болғандарды қамтуда. Бұл тұрғыда сандық теңсіздік – бұл екінші қадамның бір түрі, сандық қосылудың салдары.

Медиасауаттың маңызы – адамдардың жалған ақпаратпен күресуі, шынайы ақпарат негізінде шешім қабылдауы, фактчек арқылы жасалған деректер бойынша жұмыс істеуі, шынайы статистикалар бере отырып, адам өмірінің жақсы жаққа өзгеруіне әсері. Бұлай деп алуымызға бірден-бір себеп, қазір айналамыз толған ақпарат пен технология. Соның ішінен өзімізге керек ақпаратты табу және сол бойынша дұрыс бағытта жылжу, әрекет ету басты құндылыққа айналды. Әр ақпаратқа анализ жасау, оны тексеру, тереңіне үңілу кез келген қоғам өкілінің міндетіне кіру керек еді. Алайда қазір бұл мәселе сырт қалып отыр. Сондықтан медиасауаттың шағын және күрделі кезеңдері де қарастырылған. Яғни шағын деп отырғанымыз жалпы халыққа керек, ақпараттың жалған не шын екенін анықтауға арналған көмекші құралдарды ұсыну жұмыстары болса, күрделі дегеніміз ақпараттағы әр дата, цифр, контекст бойынша анализ жұмыстары кіреді.

Бүгінгі таңда «медиасауат» терминінің әртүрлі түсіндірмелері бар. Атап айтқанда, ресейлік педагогикалық энциклопедия медиа-білімді бұқаралық коммуникация заңдылықтарын (баспасөз, теледидар, радио, кино, видео және т.б.) зерттеуді жақтайтын педагогикадағы ерекше бағыт ретінде түсінуді ұсынады. Медиа білім берудің негізгі міндеттері: жаңа буынды қазіргі ақпараттық жағдайдағы өмірге, әртүрлі ақпаратты қабылдауға дайындау, адамды оны түсінуге үйрету, оның психикаға әсерінің салдарын түсіну, техникалық құралдардың көмегімен қарым-қатынастың вербалды емес формалары негізінде қарым-қатынас тәсілдерін меңгеру.

Кез келген қоғамда медиасауат деңгейі проблема ретінде қарастырылады. Сондықтан бұл мәселені зерттеп және тек теориялық түрде ұсыну аздық етеді. Сондықтан біз талдаған және ұсынған өнім кіріспе бөлімдегі біз алдыға қойған мақсатқа жетуге тікелей көмектеседі.

Өтебаева Ұлжалғас Қайыржанқызы