Bugin

Ақпараттық қоғамдағы жаңа медиа және дәстүрлі журналистика

Заман дамыған сайын , барлық нәрсе жаңарады, дамиды . Міне соның арқасында , «медиа журналистика» келгелі бері ақпаратты тарату оңай түрде жүзеге асуда . Ақпарат- журналистердің басты қарулары , ал оны қолданудың екі түрі бар . Олар : «дәстүрлі медиа» және «жаңа медиа» . 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жаңа немесе дәстүрлі медиа деп бөлместен бұрын, медиа сөзінің мағынасын ашып алуды жөн көрдім.Жалпы медиа – бірнеше журналистика салаларын орталықтандыратын жүйе. Ол яғни радио,теледидар,газет журналдар бір сөзбен айтқанда бұқаралық ақпарат құралдарының жүйесі. Оны қазіргі таңда екіге бөліп көрсетеді : жаңа медиа және дәстүрлі медиа.

   Дәстүрлі медиа дегеніміз біздің ата бабаларымыздың заманынан келе жатқан газет журналдар,радио және т.б адамдардың басқаруымен ақпарат көзін қоғамға тарататын құралдар.

   Бұл медиа журналистиканың екі түрінің де өз артықшылықтары , ұқсастықтары , тіпті жаман не жақсы жағы да бар . «Дәстүрлі медиа» – газет , радио , теледидар . Ақпаратты белгілі бір уақытта жеткізу құралдары . Ал , «жаңа медиа» – жаңа технологиялар . Себебі , қазіргі таңда смартфон арқылы барлық керекті ақпарат пен мәліметті оңай тауып алуға және жеткізуге болады . Екі жақтың да өз оқырмандары , өз қолдаушылары бар . Қай жақтан алсаң да дәстүрлі медианы газет оқырмандары қолдаса , жаңа медиаға интернет қолданушылары жақтасады. Ал жаңа медиаға келетін болсақ ол қазіргі күнделікті өмірдегі қолданып жүрген ғаламторымыз жәнеде басқада ақпараттық жаңа технологиялар арқылы ақпарат тарату. Екі медианыңда өз заманына сай ерекшеліктері бар яғни дәстүрлі медиа кезінде газет арқылы, радио арқылы байланыс жетпеген шалғай аймақтарға ақпарат жекізіп немесе соғыс жылдар ағасын, баласын, әкесін сағына күтіп жүрген отбасыларға соғыстың жан түршігерлік суреттерін басып шығарып xалық арасында нағыз ғажапқа айналған еді. Ал жаңа медиа болса ғаламтордың келуімен ақпаратқа жылдамдық күшін енгізді. Яғни ақпарат тұтынушыға газет пен радиоға қарағанда екі есе тезірек жететін болды.

Әлемде ғаламтор қолданушылары көп болғанымен,газет саудасы тоқтап қалды деп айта алмаймын.Оның өз тұтынушыларыда жеткілікті. Бірақ,ол тұтынушылардың жартысынан көбі дәстүрлі медиа заманын көрген және сол дағдыға үйреніп қалған егде жастағы кісілер. Жаңа медианың артықшылығы жоғарыда айтылып кеткендей оның жылдамдығы. Және де көптеген сарапшылардың айтуы бойынша ол өзінің арнайы жадында барлық шығарған ақпаратын сақтайды екен.

Өздеріңіз білетіндей қазіргі таңда тариxта айтылмай қалған оқиғаларды зерттейтін ғалымдар сол жылдардағы газеттер мен кітаптардан сол оқиға немесе тұлға жайлы мәліметтер іздейді. Адамдар кейбір газеттерді көненнің көзі ретінде сақтап қойса кім біледі, кейін бірнеше он жылдықтар өткен соң оныңда бір керекке жарап қалар.Дәстүрлі медиада шыққан ақпаратыңа feedback болмайды. Яғни сіз анонимді аудиториямен жұмыс жасайтын боласыз. Сіздің шығарған өніміңізді кім тұтынып, аудиторияңыз неше жас аралығында және ол өнім қандай ой пікір айтқанын білмеуіңіз әбден мүмкін. Ал жаңа медиада кері байланыс түрі жүреді және қарқынды түрде. Мысалы,бір интернет порталын алайық ол жерде күнделікті ақпарат таратылып тұрады делік. Ол интернет порталында қанша адам бұл өнімді оқыды және қай жас аралығында екенің бақылап, сараптама жасайтын белгілі бір тағайындалған адам немесе топ жұмыс атқарады. Демек олар кері байланыс яғни пікірлер, сараптама нәтижесіне сүйене отырып жұмыстарын белгілі бір аудиторияға арнап, оны күннен күнге дамыта түседі.

  Бұл сұраққа медиа сарапшылары да екі жаққа бөлінді . Медиа сарапшы болмасамда , мен де өз ойымды айта кетейін . Қай заманның адамы болсам да мен «жаңа медианы» қолдайтын едім . Себебі , бұл ақпарат құралының «дәстүрлі медиаға» қарағанда артықшылықтары көп . Мысалыға :

  • Уақыт . Жаңа медианың арқасында уақытты тиімді пайдаланып жатырмыз . Ақпарат жылдам таратылып , жеткізілетін болды .
  • Қолжетімділік . Сізге қандай ақпарат керек , дер кезінде ғаламтордан іздеп таба аласыз . «гугл көмекке» демекші , барлық сұрақтың жауабы сіздің қолыңыздағы смартфоннан-ақ табуға болады .
  • Ақпарат алу мүмкіндігі . Қолыңыздағы смартфонмен тек бір ғана емес , бірнеше ақпарат көзінен мәлімет алу . Telegram , Facebook , Instagram т.с.с. мессенджерлер немесе сайттар арқылы .
  • Сапа . Фото , видео немесе тағы да басқа ақпараттарды сапалы түрде жеткізу . Сайттардың дизайны қазіргі таңда оқырманның басты назарын аударады .

Осы артықшылықтарға қарап , «жаңа медианың» болашағы зор екенін көруге болады . Ал «дәстүрлі медианың» жойылу не жойылмауы тек өзімізге қатысты . Егерде арамызда бұл медианың түрін қолдайтындар бар болса , оны жаңартып , жаңаша стильде де дамытулары керек деп ойлаймын.

   Қортындылай кетсек: Жаңа медиа мен дәстүрлі медиа арасында айырмашылықтар мен ұқсастықтарда, ерекшеліктеріде жетерлік. Ол екі бағатты біреуі жаңа технологиялар заманына сай, ал біреуі ескірген деп кесіп ештеңе айтпаймын. Себебі, ол екеуіде қоғамға ақпарат таратудың құралдары , тәсілдері әр түрлі болса да, мақсаттары бір бағыт екенін білемін. Және алдағы уақытта бұл екі бағыт та қазіргі уақыттанда көркейіп, жаһандана беруін тілеймін!

ЖАҢА МЕДИА БҰЛ- БОЛАШАҚ, АЛ ДӘСТҮРЛІ МЕДИА – ТАРИХ!