БІЛІМ
Жаңа медиа журналистика саласында соңғы он жылда қарқынды қолданыла бастады. Жаңа медиа түсiнiгiне ғылымның әр саласында әртүрлі анықтамалар берiлiп келедi.Қазіргі экономикалық жағдайда бұқаралық ақпарат құралдарының мәні артып келеді. Әрбір бұқаралық ақпарат құралы институтынын өзiнiң тыңдармандары мен көрермендерi, яғни мақсатты аудиториясы бар, әрбір жекелеге аудиторияның тыныс-тiршiлiгiнiң мәнін ашады.
Медиалық журналистикада интернет порталдардағы ақпарат, мақала, подкаст, аудио-видео-сюжет, фоторепортаж, лонгрид, сторителлинг, фактчекинг шығармашылықтың ерекше түрлерін айқындап бере алады. Алғашқы анықтаманы Р. Бурнет, А. Брунстром, А. Нилсон еңбегiнде жаңа медиа компьютер заманының келбетiне айналғанын айтады. Көп жылар бойы жаңа медиа технологияның кiлтi ретiнде қолданылып келедi.
Жаңа медиадағы мультимедиалық журналистиканың зерттелуiн әлемдiк Digital Journalism, New Media & Society, Journalism Practice, Journalism Studies, Journalism, Journalism&Mass Communication Educator т.б. журналдар бүгінгі заманауи журналистикадағы жаңа тенденцияларды жариялап отырады.
Журналдардағы жаңа медиалық журналистика теориясы мен тәжiрибесiн зерттеген ғалымдардың зерттеулерімен таныса келе, кейбiр манызды тұжырымдарды талдауға болады. Нидерланд зерттеушісі М. Дезе өз еңбегiнде онлайн журналистика унемi медиалық журналистика бола бермейтінің айтады. Сондықтан екеуiн синоним ретінде қарастырмаған жөн деген тұжырымды жеткiзедi. Сонымен қатар М. Дезе жаңа медиа журналистикаға алғаш анықтама берген ғалымдардың бiрi. Жаңа медиалық журналистиканың мүмкiндiктерiн екiге белiп карастырады.
Бiрiншiден, сайтта жарияланатын материалдар цифрлык өнiмдi құрауға қатысады. Екiншiден, сайттарда ақпараттың форматтық өзгерiстерiн контент жасаушы өз кузырына қалдыра алады. Технологиялық таңдау мүмкіндігі өнiмдiлiктi арттырады . Демек журналистiң таңдау мүмкiндiгiне тәжірибелік бiлiктiлiгi әсер етеді.
Жаңа медиалық журналистика дәстүрлі медиадағы мәтіндік үлгiлердi визуалдау құралдарымен толықтырып, окырманға ұсынудың ерекшеліктерін зерттейтін ғылымның жаңа саласы.Медиалық журналистиканың форматтары БАҚ-тағы қолданысын АҚШ зерттеушісі С. Джейкобсон адамның кабылдау түйсiгiне, психологиясына әсері бар екенің зерттеген . Сонымен қатар кез келген технология көмегімен берілген ақпараттың кабылдануы тез және ой қорытуда жылдам. Бүгiнгi жаңа медиалық ақпаратты қабылдаудың қоғамдық екi негiзгi факторын көрсетуге болады.
Бiрiншiден, иллюстрацияланған ақпараттық ағынның визуалды көруге бағытталатындығы байқалады.
Екiншiден, арнайы бiлiм саласында бiлiк бiлiмдi арттыруда жасалатын жобалардағы мультимедиалық құралдарды қолдану көрсеткішінің артуы әлеуметтің қажеттiлiгiн туындатып отыр. Замануи журналистиканың жаһандық технологияға қадам басуы дәстүрлі талаптарды бұза алмайды.
Лондонда шығатын «The Cbserver» апталығының бас редакторы болған британдык Д. Рэндалл «Универсальный журналист» еңбегінде: «Медиа әлеміндегі конвергенция жақындату, бiрнеше форматтың қосылуы» . Демек ол кезеңде конвергенциялық редакциялар дамыса, қазiр мультимедиалық құрылымдардың жұмыстарына сұраныс артты. Бүгiнгi қоғамға постшыңдық ұғымы тән. Жаңа медиалық журналистикада постшыңдық (post-truth) ұғымы енгенiне көп бола қоймады. Оксфорд сөздiгi редакциясының нұсқасы бойынша 2016 жылы бұл атау жыл сөзі атанды. Сөздікте аталған ұғымға қоғамдық пiкiрдi қалыптастыру үшін эмоция мен жеке көзқарастарға қарағанда объективті фактiлердiң маңыздылығы азырақ деген анықтама берілген. Эмоция, болып жатқан оқиғаларға бiздiң карым-катынасымыз ақпараттық күн тәртіптің альфасы мен омегасы іспетті. Постшыңдық терминi жаңадан шыққан жок. Постшындық сөзi 1992 жылы серб-америкалық драматург С. Тесичтін Парсы шығанағында болған қақтығыстар туралы жазған эссесінде алғаш рет колданылган. Бүгiнгi әлеуметтік медиа дамыған тұста терминнiң мәнi артты. Америка зерттеушісі Д. Гилмор цифрлық технологиялар заманында, әркiм өзiнiң жеке медиасын жасай алатының айтқан . Ал ресейлік медиа саласының зерттеушісі А. Качкаева ұғымның түп-төркінің мультимедианың генезисiмен, қалыптасуымен байланыстырады.Заманауи модернистік технологиялар шығармашылық және коммуникациялық көкжиекті кеңейтеді. Л. Мановичтің айтуынша жаңа медианың мәдени тiлi пайда болды . Ж. Больтер мен Р. Грусин тiлдiң қолданыста екенің кинолар мен сериалдарда көрiнiс тауып айтады.Ол гипермедиа технологиясын ұсынады . Гипермәтіндердiң және мультимедиалық құралдардың қатысуымен жасалатын ақпараттық орта. Ақпараттың жедел таралу мумкiндiктерiн қарастырады .
Цифрлы технологиялардың аналогтық технологиядан айырмасы көп. Аналогтық сигналдар үздiксiз толқындар түрiнде, ал цифрлық ақпарат, қабылдаушы жабдығы тарапынан кайта жаңартылуға тиiс екiлiк код турiнде берiледi. Код ерекшелiгiнде ақпараттардың бiрлiктер мен нөлдерде орналасқан екiлiк цифрлары - биттардан тұрады және олар әдетте екi жағдайда - қосулы және ағытулы күйде болады. Бiрлiктер мен нөлдердiң осылай орналасуы материалдардың ақыр аяғында қайта кодталып, бiрiктiрiлетiнiң айқындайды.
Ғалым, зерттеуші С. Барлыбаева өз еңбегiнде аналогтық сигнал жеткізу бәсекелес толқындар салдарынан үзiлiп, түрлi кедергілерге тап болудан және жиi көшiрiлуден нашарлайтын болса, цифрлық ақпарат не мүлтiксiз, жақсы қабылданады, не мүлде жоғалып кетедi және сан мәрте көшіру барысында сапасына еш нұқсан келмейтінің айтады . Мұның басты жағымды жағы интербелсендiлiктi қамтамасыз ету, ал жағымсыз тұсы қарақшылық көшiрмелердiң көп болатыны.
Журналистердің газеттегi мәлiметтiң артына жасырынатын уақыты өтті. Facebook компаниясының басқарушылары аудиторияның тұтынушылық мiнез құлкындағы өзгерiстi мойындап, өз жұмысын медиамен серiктестiк катынас орнатуға карай бағыттады да, платформаны одан да тиiмдi пайдалана түсу үшін жаңалық жасаушы ұйымдар мен баспагерлерге ресурстар ұсынды. Facebook тіпті бір уакыттарда платформаға эксклюзив видео жасағаны үшін кейбір басылымдарға ақы төледi. Бүгiнде редакциялардың көбi оқиға куәгерлерiнiң айғақтары мен шұғыл жаңалық репортаждарың өз ұялы телефондарына жазып алады. Бұған ВВС мысал бола алады, қазiр ол бұған қаражат аударып, өз журналистерiне жұмыста мобильдi кұрылғыларды қолдануға көмектесетін көптеген курсты ұсынады.