Bugin
Бүгінгі ақпараттандыру заманында қазіргі өмірді ақпараттық технологияларсыз елестету мүмкін емес. Ақпараттық революцияның екпінді дамуы нәтижесінде ақпарат мемлекеттік басқарудың басты ресурсына айналды.
Ақпараттық қоғамда басты ресурс ақпарат болып табылады, дәл осы ақпаратқа ие болу негізінде әр түрлі процестер және құбылыстар туралы кез келген қызметті тиімді және оңтайлы құруға болады. Ақпараттық қоғамды дамытудың негізгі белгілері компьютерлердің болуы, компьютерлік желілерді және сондай-ақ күнделікті қызметте ақпараттық және коммуникациялық технологияны пайдаланатын, ақпараттық салада қамтылған халықтың санын дамыту деңгейі болып табылады.
Ақпараттық қоғам дамыған және қол жетімді инновациялық және ақпараттық технологиялардың дамыған және қол жетімді инновациялық және ақпараттық технологиялардың инфрақұрылымы есебінен халықтың хал-ахуалының жоғары деңгейіне жетуге бағытталған.
Қазіргі заманғы адам өркениетінің дамуы адам өмірінің тұрмыс салтын өзгертетін және ақпараттық қоғамға, дамуы жоғары әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени қоғамға көшу үшін іргетасы мен материалдық базасын құрайтын АКТ өмірдің барлық салаларына енгізудің кезекті кезеңімен сипатталады. Әлемде мынадай беталыстар кеңінен байқалады:
1) АКТ әсер етуімен барлық қоғамдық институттарын және адам қызметінің салаларын түрлендіру;
2) барлық салаларда заманауи технологияларды әзірлеу, өндіру және енгізудің ілгерілеуі;
3) дамыған ақпараттық қоғам құруға, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына сәйкес міндеттерге талпыну;
4) ақпараттық ресурстарға халықтың теңқұқылы кепілденген қолжетімділігін қамтамасыз ету;
5) азаматтарды, қоғамдық институттарды, бизнесті және мемлекеттік билік органдарын ақпараттық қоғам жағдайында өмірдің барлық деңгейіне дайындау.
Әлемнің алдыңғы қатарлы елдердің көбіснде, мысалы Канада, Корея, Сингапур, АҚШ ақпараттық қоғам дамуының тұтасымен және жеке қызмет салаларында стратегиялар немесе кешендік бағдарламалар әзірленген және жүзеге асырылуда. Біздің елімізде негізгі екпін ақпараттық қоғамдың жасаушының бірі «электрондық үкіметті» қалыптастыру және дамытуға Қазіргі кездегі қазақ медиа жүйесінде жоғарыда аталған бағыттар белгілі деңгейде көрініс тауып отыр. Кей жағынан қарқынды өрістеу бағыты байқалып отырғанын анық аңғаруға болады. Олардың әрбіріне жеке-жеке тоқталайық: Жаһандану үрдісі қазақ журналистикасында қалай көрініс тауып отыр? Бүгінде бізде БАҚ тек сан жағынан ғана өсіп отырған жоқ. Ақпарат құралдарының жаңаша түрлері де пайда болуда. Атап айтсақ, онлайн баспасөз, кабелдік телевизия, қысқа толқынды радио, смартфон немесе ұялы байланыстар арқылы ақпарат тарату, мобайлдық ақпарат қабылдау мүмкіндік туып отыр. Сонымен қатар медиа жүйесі өз ішінде интернет журналистика, із кесу журналистикасы, азаматтық журналистика, БАҚ жарнамалық насихаты, экономикалық және, экологиялық журналистика, талдау журналистикасы т.с.с. бағыттарға бөлінді.Мұның бәрі қазақ аудиториясы үшін әлемнің әр тарабынан түрлі ақпараттар қабылдауға және жеткізуге, өздерінің көзқарастары мен ой, пікірлерін интернет арқылы көпке жеткізуге кең мүмкіндік беріп отыр. Қысқасы, ақпарат үшін уақыт пен кеңістік ұғымына тәуелділік барынша азайды, тіпті жоғалды деуге де болады. Мысалы, телекөрермендер кабелдік телевизияның 70-тен астам арнасы арқылы бірнеше тілде ақпарат алып отыр. Қазақстанда бүгінде 9 миллион адам Интернет қызметін пайдаланады. Елімізде күніне 25-30 мың адам электронды үкімет қызметіне жүгінеді екен. Мұның бәрі ақпараттық жаһанданудың қаншалықты жоғары қарқынмен жүріліп жатқанын айғақтайтын шынайы көрініс.