Bugin
9-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА І.ЖАНСҮГІРОВТІҢ «ҚҰЛАГЕР» ПОЭМАСЫН ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛЕР ЖҮЙЕСІ: ОҚЫТУ МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР
Зерттеуші Қуандық Мәшһүр-Жүсіптің «Құлагер» поэмасын оқытуда ұсынған сабақ жүйесі
Біз «Құлагер» поэмасының құдіретіне ден қоюға оқушыларды бағыттауды мақсат еттік. Алдымен поэмада әспеттелер идеяға тұғыр іспетті табиғат көрінісі, орталық қаһарман Ақан мекен еткен, оның өнеріне, өміріне шабыт берген Көкшетауды неғұрлым көркем нақыштаған мына бір үзіндіні оқушылардың сабаққа дейін жазып келуін ұйымдастырған жөн.
Көк орман, көркем тоғай
Сұлулық көзіндей көл жаудыраған.
Малта тас, маржан, ақық, меруерт тас
Төгіліп көл жиекке саудыраған.
Көк кілем, балаусасы балбыраған,
Көк жібек жапырағы жалбыраған.
Ақ қант аспандағы сонда жауып,
Бал бұлақ таудан, тастан ор құлаған.
Бұл тауды іздеймін бе біздер шеттен,
Талайы осы таудың бізге біткен.
Мақтауға, мақтануға тұратын жер
Айтамын Көкшетауды даңқы кеткен;
Оқжетпес оқшырайып өрлеп кеткен,
Кеудесін керіп көкке сермеп кеткен.
Қия құз, жақпар сарай, бура тастар
Тәртіппен көлді айнала сәндеп шөккен
Кавказдай таласпайды аспан – көкпен,
Қаһарлы Хантәңірі емес қар бекіткен;
Алтайдай асу бермес асқар емес,
Жөң,жолсыз емес құж – құж біткен.
Көкшетау жер жаннаты жеке біткен,
Бұл сұлу кең далада бойын күткен.
Жомарт тау дастарқанды, момақан тау,
Шипа тау тазартатын барлық дерттен.
Көкшетау көп жердің бір көркем жері,
Қыз орман, Бурабайдың мөлдірлері.
Жамылып жасыл барқыт, асыл құндыз
Түрленген тоты құстай тау көркемі.
Мәтін дайын болғаннан кейін мұғалім мына сауалдарды жаздырады, немесе оның үйлкейтілген дайын үлгісін іліп қояды.
1. Жалпы тіршілік салтанатын білдіретін сөз бен сөз тіркесінің астын сызып, үстіне «I» деген сан көрсеткішін қою (Ескерту: әрі қарай алдымен реттік сан, ізінше сұрақ көрсетілсе, әр сауалға орай қажет сөздер, не сөз тіркестері үстіне сол сан қойылып, мұғалім сұрағанда, оның себебін ауызша дәлелдеу тапсырылады)
2. Тыныштық белгісі.
3. Пәктік, күнәсіздік нышаны.
4. Жұмсақтық деңгейі.
5. Рең әдемілігі.
6. Су тазалығы
7. Су екпіні және молдылығы.
8. Тау бикітігі
9. Көріктеуіш (эпитет)
10. Теңеу.
11. Ауыстыру (метафора).
12. Алмастыру (метанимия)
13. Кейіптеу.
14. Ұлттық өрнек.
15.Көптік белгісі.
16.Қарабайыр сөз.
17.Тәттілік сипаты.
18.Дерексіз ұғымды жаттандыру.
19.Дерексіз ұғымды жандандыру.
20.Шарттылық.
Осы орайда ауызша «Кім айтады?» деп сауал қойып, қол көтерушіден сұраумен шектелу сыныптағы орташа, нашар үлгеретіндердің ізденбеуін негіздейтінін еске саламыз. Міне, соны ескергендіктен де, мұғалім бар оқушының өз алдындағы үзіндіге өзіндік белгілерін, демек өз ұйғарымдарын қойып шығуын қадағалайды. Алдымен нашар үлгеретінді тұрғызып белгілі бір сөзге, не сөз тіркесіне кандай белгі койылғанын сұрау, кейін оның жауабын басқалардың толықтауына, демек әркімнің өз әріптесінен қаншалық қалып қойғанына бағамдауына мүмкіндік береді. Мәселен, алғашқы тармақтағы «көк орман» орманындағы «көк» деген сөзге бір оқушылардың дұрыс, ал екіншілерінің нетеріс, не тіпті белгі қоймауынанықтап, мұғалім өз журналына не «оң», не «теріс» белгілерін қойып шығады.
Не болмаса өзі тексерген 2-3 балаға белгі қоюмен шектеліп әрі қарай басқа оқушыларға да кезек жететінін аңғартады.
Осы орайда бір сабақта үш рет тек «теріс» белгілерін алса, екілік қойылатыны, керісінше үш рет «оң» бағалауына жетсе, «бестікті» иеленетіні, ал «оң» мен «теріс» алма-кезектесе, бірін-бірі жойып отыратыны ескертіледі. Осы дайындықтан кейін аталған сөзге әрі «5» әрі «9» санын қондырған оқушының біреуін тұрғызып, сол сандарды келтіру себебі сұралады. Ол оқушы толық дәлелдей алмаса, «Кім толықтырады?» деп, басқалардан сұрап, ақыры мына түйінге тоқтайды.
– Себебі мұнда алдымен рең әдемілігі көзге түседі (ол «5» санымен белгіленген), онын «орман» сөзін ажарлап тұрғанына («9» санымен көрсетілген) назар аударамыз.
Мұғалім сөзі
– Енді осы тармақ соңындағы «маужыраған» сөзіне 2,9,13 сандарын қойған оқушы түсіндірмесін тыңдайық.
Ықтимал жауап.
– «2» белгісін қойғаным – ол алдымен тыныштықты танытып тұр. «9» - осы сөздің есімше түріндегі «көріктеуіш» екенін межелесе, 13-кейіптеуді, яғни жансыз тоғайдың жан иесіне лайық әрекетке ие болуын айғақтайды.
– «Сұлудың көзіндей» (2-тармақтағы) баласына неге 10 санын қойдық?
– Себебі ол – теңеу.
– Екінші тармақ аяғында «жаудыраған» сөзіне 3,13 сандары белгіленуі мәнісін кім түсіндіреді?
– Мұнда пәктік, күнәсіздік белгісі («3»), кейіптеу, («13») қатар отау тіккен.
– «Малта, маржан, ақық, меруерт» сөздеріне «9» саны орнауын дәйектеу керек.
– Бұл сөздердің бәрі көріктеуішке жатады.
– «Төгіліп» сөзіне «15» саны келтірілуі себебі?
– Көбінесе су немесе белгілі бір сұйық төгілетінін білеміз.
Ал, бұл арада негізгі емес, біршама ауыспалы мағына арқалап, асыл тастардың молдығы сондай, «төгіліп» көрініс беруі көмегімен белгілі бір көптік ұғымын әсерлі жеткізуі бар.
– «Кілем» сөзіне неге II қойылған?
– Мұнда жерді көмкерген өсімдіктің зейнеттілігі соншалық, ол ажарлы бұйым кілемге ұқсастырылып, ауыстыру (метафора) қызметін атқарып тұр.
– Ал, осы «кілем» баламасына іргелес «балаусасы» сөзін неге ауыстыру демей, алмастыру («12» саны) деп атадық?
– Себебі ол «кілем» тәрізді ұқсастыққа негізделмей, өзіне іргелес тұрарлық «шөп», «ағаш» тәрізді сөздердің түсіп қалуы нәтижесінде сол жанасуға лайык кейінгілермен жалғастық, іліктестік міндетін ғана атқарады.
– Осы тармақ соңындағы «балбыраған» сөзін 4,9 сандары иеленуін сараптайық.
– Мұнда қыссаң, езіліп кетердей жұмсақтық (4) та, белгілі бір құбылысты безендіре түскен көріктеуіш (9) те қатар өрілген.
– Алтыншы тармақтағы «жібек» сөзін ауыстыру емес, көріктеуіш, ауыспалы мәндегі көріктеуіш (метафоралык эпитет) болып саналады.
– Осы тармақтағы «жапырағы» сөзі түсіп қалып,, «көк жібегі жалбыраған» түрінде алынса ше?
– Онда «жібегі» сөзі өзінен кейін қоныс тебуге сұранған ұғыммен жалғастыққа иек артқандықтан да, алмастыруға (метонимияға) айналар еді.
Бұдан әрі оқушылардың бірі бастап, екіншілері өрбітуі, мұғалім жетектеуі, түйіндеуінің бәрін ықтимал жауап есебінде жинақтап ұсынамыз.
– «Жалбыраған» сөзінде әсемдіктен гөрі қарадүрсінділік басым болғандықтан, оны «қарабайыр сөзі» (16) деп табамыз. Осы орайда Абайдың «Жаз» өлеңінде көркем көріністер: «бұлтылдап», «былқылдап», «сыңқылдап» т.б. арасында «ыңқылдап», «шыбындап», «жалпылдап», «карқылдап» тәрізді ажары кемсін сөздер орын алуы тегін еместігін, қайта бір жарқын мен солған алма кезектесуінен де өзіндік бір табиғилық, жарасымдылық өрістейтіні туралы баспа бетінде бұрын жариялағанымызды қайталап еске саламыз (Қ.Ж.).
«Қант» сөзі ауыспалы мағынада (расында, аспаннан кант жаумайтыны белгілі) қолданылып, ауыстыру (II) міндетін атқарса, «жауып» қант көптігін (15) (аз болса, «жауып» деп айтпас едік) дәлелдейді. Сегізінші тармақ соңындағы «орғылаған» сөзі су екпінін, молдылығын (7) да бедерлеген. Аз су болса, оның жерді ойып, орғытып аға алмайтыны мәлім. «Оқшырайтып» таудың басқалардан бөлек бітімін, демек биіктігін (8) паш етсе, «өрлеп кеткен» (8) сол көріністі өрбіте түседі. «Кеудесін» дегенді тау кеудесі есебінде қабылдап, ауыспалы мағында (расында, кеуде тауда емес, адам да, мал да жан иесінде ғана болады ғой) алынғанын ескеріп, ауыстыруға жатқызамыз. «Сермеп кеткен» - жан иесіне тән қимыл түрі есебінде кейіптеу (13), «қия», «жақпар», «бура» сөздері (он бірініші жолдағы) – көріктеуіш (9), «көлді айнала» сөз тіркемі – тас көптігінің (15) (аз болса, белгілі бір кең аумақты қамтитын көлді айнала алмас еді) дәлелі. Он екінші тармақтағы «шөккен» сөзі – ұлттық өрнек (14) жемісі. Себебі шөгу тек түйе малына, яғни күнкөрісі малға байланысты қазақ ұғымына неғұрлым жақын тұруымен ерекшеленеді. «Қыз орман» тіркесіндегі «қыз» сөзі көріктеуіш те, ал «мөлдірлері» әрі су тазалығы (6), әрі алмастыруды (12) білдіреді (себебі «мөлдір су» немесе «мөлдір көл» делінбей, соңғы сөз түсіп қалуы нәтижесінде, кейінгі ұқсау емес, тек іліктестік жүзеге асып тұр). Он бесінші тармақ басындағы «жамылып» сөзі жансыз тауға жан иесі әрекетін дарытқандықтан да кейіптеу (13) де, соған ілесе орнаған «жасыл» - әрі көріктеуіш (9), әрі рең, әсемдігі (5) айнасы. Ал, соның іргесіндегі «барқыт», «құндыз» сөздері өздерімен жалғас орын тебуге лайық «мата», «тері» тәрізді сөздердің түсіп қалуына, демек қысқартылған кейінгілермен іліктестікке табан тірегендіктен де, алмастыруға (12) жатады.
Міне, осындай ізерлеп нақты талдай білулерден кейін барып, оқушылар табиғат әсемдігіне, ақынның сөз қолдану шеберлігіне ден қойып, шығармадағы негізгі идеяны, зейнеттілікті, озықтықты сақтау идеясын қабылдауға дайындалады. Оқытушы бұдан кейін әрі табиғат сұлулығын, әрі ақын бейнесін танытарлық үзінділерге көңіл бөлгізеді.
Сұлулық жерден өніп, көктем жауған,
Тапқан ол тыныштықты таза таудан.
Шомылып мөлдір көлге, орманда ұйықтап,
Жақсы жер жұмбақ жанын аялаған.
Қарағай, қайың, талдар-қалың орман,
Тау мен тас жеке жанға болған қорған.
Қиқулап өлең айтып, күйлер тартып,
Сері үшін құс, көбелек қылған думан.
Таза тас сияқтанған күміс кесек.
Жапырақ секілденген таза төсек.
Жүрегін жуықтаса жаралаған:
Кір өмір, тікен тұрмыс, улы өсек.
Жасынан туып,өсіп мекен қылған
Жерінен патша қуған, қала отырған,
Ел інін суға алдырған суырдай боп,
Жойқын жұт- сұрапылда малын қырған.
Арманды ел ақ патшаға арыз қылған,
Арыздан борыш басып, қарыз қуған.
Жер мұның, елдің шерін өлең қылып,
Ақан да жанның бірі жаны ауырған.
Және де жақынынан жарды сүйген,
Сол үшін ауыл-аймақ, безген үйден.
«Алам» деп Ақмарқаны алас ұрып,
Ала алмай ақырында жаны күйген.
Серінің сүйген жары-Ақмарқасы,
Көліндей Көкшетаудың жан қалқасы,
Сол ма екен елден айдап ән салдырған,
Жүрегін күнде шауып қыз балтасы.
Бақырмай доибыраны көкке бұлғап,
Аққудай әсем дауыс-үн сыңғырланып;
Қышуын жаныңыздың майда қасып,
Тербетер жан көңілін биязы ырғақ.
Көкшеден құйылғандай бір бал бұлақ,
Тәтті әнге халық қанды, ел сусындап.
Соққандай жаздың желң арқа жақта,
Елжіреп жүрек әнге, жусап құлақ.
Бұл үзіндінің әр окушы алдында көшірілген түрі бар екеніне көз жеткізген соң, мұғалім әрі осының алдында берілген сауалдар бойынша, әрі кейін қосылған сұрақтарға байланысты жауаптарды қабағат әзірлеуді тапсырды. (Ескерту: белгілеу кезінде алдыңғы сандармен шатастыру болмас үшін сан реті әрі қарай жалғастырылып, «21» санымен басталады).
Сауалдар.
21. Ақанның табиғатқа арқа сүйеп, одан сүйеніш табатынын бейнелеген сөз, не сөз тіркестерін тауып белгілеу.
22. Ақанның жерінен айрылу қасіретін ашарлық сөздер.
23. Ақанның сүйіктісінен ажырау мұңын танытарлық үлгілер.
24. Ақан үн, әні келістілігі белгісі.
25. Жалпы Ақан күрескерлігі
26. Ақан қиналысы.
Ықтимал жауаптар:
- Алғашқы тармақтағы «Өніп» сөзінен әрі тіршілік салтанатын (1), әрі дерексіз «сұлулық ұғымынын заттанғаны (18) сондай, өсуін көреміз. Ал сол тармақ аякталымындағы «жауған» сөзі әрі көптікі (15) (аз болса, жауа ала ма), әрі дерексізді заттандыруды (18) (деректіге айналмаса, жауғаны көрінбейді ғой) әйгілейді. Сонымен бірге бастапқы екі тармақты қосып бағамдасақ, Ақанның табиғат науандығынан, тазалығынан біршама сүйеніш табуын (21) аңдаймыз. Бұл әсерді «шомылып», «ұйықтап» (үшінші тармақтағы), «аялаған» (төртіншідегі) сөздері одан әрі өрістете түседі. Ал, «мөлдір» сөзінен (үшіншілегі) рең әлемілігі (5), су тазалығын (б), көріктеуіші
(9) мәнін кезіктіреміз. Алтыншы тармақ соңындағы «қорған» сөзінде әрі ауыстыру (1), әрі Аканның табиғатка иск артуы (21) бар. Жетінші, сегізінші жолдағы «сері үшін» «қиқулап өлең айтып, күйлер тартып», кұс-көбелектін думан қылуы – жалпы тіршілік салтапаты (1) болумен бірге ақынның табиғатқа арқа сүйеуіне (21) де жарық түсіреді. Тоғызыншы, оныншы тармақтарда тасты күміске, жапырақты таза төсекке балау теңеуге (10) жатады. Он біріншідегі «жаралаған» сөзі және ілесе берілген: «кір», «тікен», «ұлы» – көріктеуіші көмегімен Ақан азаптануы (26) жоталана береді. Сонымен бірге осы аталған көріктеуіш «өмір», «тұрмыс», «өсек» деген дерексіз ұғымдарды заттандырып (18), онын әсерлігін арттырған. Он төртіншідегі «патша куган» тіркесі жерден ажырау (22) күйігін салмақтауға бастаса, келесі «інін суға алдырған суырдай» теңеуі (10), «жойқын жұт-сұрапылда малып қырғап» сүреттемесі бәрі сол зобаланды (22) ширата түседі. Он сегізіншідегі «басып» сөзі дерексіз ұғым «борыш» сөзіне белгілі бір салмақ қосқандай (салмақсыз баса алар ма) заттандырумен (18) бірге соншалық жүк аркалаған ел тауқыметі көптігіне (15) деген Ақан наласын (26) қоса өрнектеген, Сол тармактағы (қуған) сөзі де дерексіз ұғым қарызды заттандырып (18), жандандырып (19) (заттанбаса, жанданбаса, оны куу мүмкін бе), корланған ел тақсіретіне деген Ақан желінуіне («өлен қылып», «жаны ауырған») (26) ұласады.
Алтынты шумақтағы «безбен» (үйден безу оңай ма) «алас ұрыш», «жашы күйген» сөздері Ақанның сүйіктісінен айырылуына байланысты қасіретін (23) ашады. Сонымен бірге «көліндей Көкшетаудың» теңеуі (10), «елдеп айдап» сөз орамы (23) (мал сияқты айдалу оңай ма), қыз балтасының (11) жүрегін күнде шабуы, яғни шарттылық (20) (расында, шауып, кескендігі емес, сол тәрізді екендігі) көмегімен кан ағызғандай ауыр азапты елестетіп, Акан шерін (23) әсерлі нақышталған.
Отызыншы тармақтағы «сыңғырлап» сөзі Ақан үні келістілігін (24) бедерлейді. «Тербетер» созі «отыз біріншідегі» әрі дерексіз ұғым ырғақты (ырғақты естісеңіз де, ол тербетердей зат емес) заттандыру (18) жемісі. Сонымеш қатар екішші бір дерексіз ұтым көңілді тербетіп, оны да заттандыру (18) арқылы Ақан үні әсерлілігі (24) арта түседі. Бұл жарастылықты «Көкше деп құйылғандай бір бал бұлақ» теңеуі (10) де, тек естілуі мүмкін әнді сусын тәрізді ішкізіп, яғни заттандырып (18) (халықтың сусындап қануы) тұлғаланта береді. Осы ғажап үйлесімге қоса «соқканлай жаздын желі» тенеуі (10), шақтылық (20) нәтпжесінде жүректің дербес жан песіне айналып елжіреуі, құлықтың дербес жан несі мал тәрізді жусауы (мұнда ұлттық өрнек (14) те бар) – бәрі Ақан әні құдіретін жайып салады.
Бұл келістілердің де дастанның өзекті идеясына, үздікті, тамашаны қорғай білуді насихаттауға бағындырылғанына мұғалім қайталап пазар аудартады.
Мұғалім бұдан кейін ат жарысы алдында айтқан Ақанның мына сөздеріне көңіл бөлгізіл, одан ақынның қай сипаты көрінетінін әр оқушының әзінше айқындап, дәптерге жазып көрсетуі керектігін ескертеді.
- Естісем бұрын даңқын Көк неменің,
«Алтайдың жүйрігі онан жоқ» дегенін.
Жолықпай иесіне жүрген болса,
Осы жол Көк шолақты бөктеремін!
Ықтимал жауаптар:
- Намысқор, өжет, турашыл, бірбеткей, мақтаншақ, өр, асқақ, т.б.
Мұғалім жауаптары жинақталып, қорыта келе айтылған ұйғарымдар ішінде Ақанда әрі намысқорлық, әрі аздап мақтансүйгіштік те орын алғанын атап көрсетеді. Одан әрі оқытушы Батыраштың дең-айбат білдіруінен кейінесе жібермей қайтарған Ақан жауабына үңілтеді
- Әңгүдік, әкірең қаққан, албыт сөзді,
…көк ешкінің жыртық көзді,
Алтайдың, кәр жынындай бақылдаған,
Көк сақал, азбансынған, бұл кім өзі.
Ықтимал жауаптар:
- Өткір тілді, мысқылшыл, шақпа тілді, турашыл, қайсар, асқақ, намысқор, т.б. Мұғалім бұл байламдар арасынан «намысқор, шақпа тілді» түйіндеріне жүгіну керектігін мәлімдеп, келесі үзіндіге байланысты пікір сұрайды.
Ат біткен Құлагердей Ақанына,
Ол дайын Көкті жерге тақауына.
Бәйгеден басы-көзін су қын озбай,
Ат сенің қарай ма екен сақалыңа!
Би болсаң, би шығарсаң Алтайыңа,
Тілімді терезем тең, тартайын ба…
Көгіңді боктермесем атым сенікі,
Шапса да әкең міпіп байталына!
Бұл жолы да түрлі жауаптар ішінен мұғалім Ақанның шақпа тілді, намысқор екеніне үңілтеді. Одан әрі ат жарысы басталар тұста Құлагерге мінген балаға айтқан Ақан сөздерін бөліп алып, оған баға беру тапсырылады.
Бұл айдау – қырғын жорық, байқап отыр,
Барғанша бұлаң құйрық, шайқап отыр.
Жел жақта шаң қаптырма, ұрма қалқам!
Тек қана тізгін қағып жайқа да отыр.
Қайтарда тізгініңді тежеп отыр,
Тақымды қамшы салмай безеп отыр.
Бол да отыр бірдің соңы, ызаң озба,
Тек қана бір мөлшерді көзде де отыр.
Көрдің бе сонау жатқан көк өзекті,
Өткенде сол өзектен салшы тепкі,
Қоя бер басын сонда, қарғатайым!
Өзі алар онан кейіп қалған бетті.
Ықтимал жауаптар арасында «Ақанның бапкерлігі көрінеді» деген байламның оңтайлылығы дәлелденуі керек.
Ал, атты бәйгеге жіберер алдында Ақанның «Ажырап мен сендерден қалдым жалғыз//Алла өзің аман келтір екі ермекті», - дегенінен оның Аллаға сенетіні айқындалатыны да назардан тыс қалмауға тиіс. Мұғалім одан әрі соққы тиіп, өліп бара жатқан Құлагер қасында Ақан қайғысына көңіл бөлгізеді.
Құлагер қорқырайды қаныменен,
Ақан да шырқырайды жаныменен…
Егіліп, төгіледі Ақан сері,
Зарлаған Құлагердің әніменен.
«Не болды-ай, бай-бай, саған Құлагерім!»
Суалдың, сорлы неңнің бұлағы едің?
Тірегі көңілімнің, бәйтерегім,
Бүл жерге қалайынша құлап едің?
Осы үзіндіге байланысты мұғалім сауалдары:
1. Ақан күйзелісін әсіресе қай сөз қалай ашып тұр?
2. Мұндағы ауыстыруларды кім табады? Ауыстырулардың әсерлі естілу себебі неде?
3. Кейіптеу бар ма? Ол қаншалық жүк көтерген?
Ықтимал жауаптар:
1. Әсіресе «шырқырайды», «егіліп» сәздерінде Ақанның қатты шерленуі өрнектелген.
Мұғалім Батыраш бейнесін талдатарда да алдымен дастаннан үзінділер келтіріп, оқушылардың өзіндік ұйғарымдарын білдірулеріне әріс тудыруы керек.
Есітіп Батыраш боп бұлқан-талқан,
Көкжалды қысып кетті ашу, сайтан,
Тепсініп ақ отауға келді кіріп,
Жиған жоқ аяғын да жатқан Ақан.
Қалған жоқ қорқауыңнан қауіп, қайқаң,
Дауысы Батыраштың шықты қатаң.
Қамшысын бүктеп, шарт жүгініп шал
Ақанға сөзі мынау сондағы айтқан
- Қаңғырып Қарауылдан асқа кепсің,
«Осы аста абиырым басқа» депсің.
Өзіңе өз аузыңмен бәйге әперіп,
«Атыңды басқаларың қоспа!» - депсің.
Атаң аз Алтайымнан қалай көпсің?
Алдымнан бәйгемді алып көрген жоқсың.
Сорпасы Сағынайдың бу болды ма,
«Алтайдан озамын!» деп,…жепсің.
Алтайда мен ақиық қшқан қонбай,
Қарамды көре алмайтын сендей торғай.
«Бөктерем Батыраштың Көк атын!» - деп,
Оттапсың ауызыңа ие болмай.
Қарауыл, қайрат қашан бітті мұндай?
Басуым көңіліңді тіпті оңай!
Төренің атын ерттеп өскен ел ең,
Озіңе ат бітіпті-ау, байғүсым-ай!
Мәтіннмен таныстырылғаннан кейін мұғалім окушылардың Батыраш туралы жазған байламдарын саралай келе, былай қорытады - «Ашушаң», «қатыгез» дегендерде дәлдік жетіспейді. «Өркөкірек» ұйғарымында біраз жақындау бар.
«Ожар, долы, қиқар, сыңар езу, көкбет, күйгелек, т.б.», - деген тұжырымдармен келісе отырып, оның бәрін мына түйінге бағындырайық. Ол – астамшылық.
Одан әрі Батыраштың Құлагерге баға беруі кестеленген мына үзіндіде келтіріледі де, баға беру тағы оқушы еншісіне қалдырылады.
Жануар, бітісің де ерек екен!
Сүйегің алқа-салқа бөлек екен!
Көргем жоқ көріп жүріп мүндай атты,
Жүгірсе шаба ма екен, желе ме екен?
Бұл кәріп жылқы ма екен, немене екен?
Осы алыста алдымен-ақ келе ме екен?
Алдына ат салмаған Көктұйғынға
Бір пәле Көкшетаудан келген екен!
Жылқыдай селт етпейді, не мінезі?
Жай, салаң, мінезі ме - бой күйезі?
Естушы ем сұмырайдың сырттан даңқын,
Жайлы емес, не қылса да келген кезі.
Отты екен жануардың екі көзі!
Перінің пырағы ма мұның өзі?
Мұғалім түйіні:
- Иә, дұрыс белгілепсіндер, бұдан біз сырт тұркына карап, ат сипатын Батыраштың жете танығанын, бапкерлігін, білгірлігін сипатын Батыраштың жете танығанын, бапкерлігін, білгірлігін байқаймыз. Тек осы бақылаудан екейін берілген «Түтігіп, қап-қара боп тұрды Батыраш//Жалғыз-ақ» «Қап, Қап! болып айтқан сөзі», - суреттемесінен Батыраштың өзімшіл, іші тар екенін де аңдаймыз.
Мұғалім сауалы:
- Құлагерге қастандык жасалғаннан кейін, соны мойындау орнына қарсы дау салған Батыраштың мына сөздеріне қарап, қандай баға бересіздер:
«Е, Керей! Азған Арғын, Уақ, Найман!
Сендерде ненің буы қоқырайған?
Олді деп қарауылдың бір жылқысы,
Ұрыны қанды мойын таптың қайдан?
Аулақ тарт, аттың басын Алтайымнан,
Келмейтін Керей-серей бақайымнан.
Жала қып, барымтаға бәйгемді ұстап,
Жеріңді көріп тұрмын бата айырған!
Мойныма ат өлімін болсаң қойған,
Бір жылқым қарауылдан тартып сойған?
Кесіп ал күшің болса, құлағымды,
Әйтпесе болғаның не сонша ойран?
Күшіңді көрем бәйге бермей қойғап,
Тартылар оз табағың астан, тойдан.
Шыдап кор қонысыңда тыныш отырып,
Есемді ел шапсам да алмай қойман!».
Ықтимал жауаптар:
- Пәлеқор, суайт, ашушаң, қаскүнем, аяр, томырық, дүнк, шадыр, кекшіл, ожар, дүмше, бопсашыл, зорлықшыл, қаиямпұрыс, адуын, т.б. Оқытушы осы байламдар ішінен: «адуын, пәлеқор, бопсашыл», - деген шешімдерді бөліп алады.
Осылайша дастандағы Ақан, Батыраш бейнелерін саралап тамамдаған соң шығарма идеясын кең ашу үшін жүйріктіктің, озықтықтың символдық белгісіне айналған Құлагер бейнесін де арнайы талдатуына болады. Мұнда да алдымен үзінді ұсынылып, ізінше оқушы жауабы талап етіледі. Мәселен, атақты ат білгірі, бапкері Күреңбай сыншы Құлагерге былай баға береді:
Келіскен кескін мынау, омыраудың
Өзі айтар, қаратам, - деп, - қазақ қаумын.
Сом аяқ, быртық бақай, болат тұяқ
Тасындай шұбар ала Көкшетаудың.
Ықтимал жауаптар:
- Бұдан аттың мықтылығын, төзімділігін біраз байқаймыз. Ал мына үзінді ше:
Шүйделі, шоқтығы өргек, шідерлігі,
Серке сан, желмаядай тілерсегі,
Тау желін тартса жұтқан талыс танау,
Тыпысты кеңде жатыр кеңірдегі.
Жұрсе де жаздай құры болмайды тек,
Кез жарым кесер баста кесім ет жоқ.
Қақпан бел, қалбағайлы, үңгір сағақ,
Шапса жел, мінсе жайсаң, тұрса селсоқ.
Ықтимал жауаптар:
- «Кесім ет жоқ»,- дегеннен аттың бәйгеге жеткілікті жаратылғанын көрсек, «Тау желін тартса жұтқан талыс танау», - жолынан ұзақка шапса талмайтынын аныктаймыз.
Мұғалім сөзі:
- Ақан еске түсіруімен берілген мына үзіндіге үңілейік:
Құлагер шапсаң бауырың жазылатын,
Жерошақ тұяғыңмен қазылатын.
Қүшақтап қу далада қалдым жылап,
Жазым боп жау қолынан жалғыз атым!
Ықтимал жауаптар:
- Құлагер тұяғынан жерошақ қазылуы аттың шабу екпінін жүйріктігін дәлелдейді.
Мұғалім сөзі:
- Ал мына үзіндіден Құлагер өліміне аса аяныш тудыратын жекелеген сөздер мәнісін кім ашып дәйектейді:
Қорқырап Құлагер ат жатыр құлап,
Шұмектеп шекесінен қан бұрқырап.
Шірепіп торт аяқты, тапау қағып,
Ыңқылдап өліп барады ат қырқырап.
Ықтимал жауаптар:
- «Қорқырап» сөзінен қан ағудан шыққан дыбыс нақты естіледі де, қиналған атқа аяныш сезімі туады. Ал, «шүмектеп», «бұрқырап» сөздерінен қанның тез ағуы да дәл өрнектеліп, Құлагерді өлімге кимауға жетектейді. Сонымен бірге «төрт аяқты шіреніп», «танау қағып», «ыңқылдап», «қырқырап», әрекет етуінің бәрі аттың өмір үшін жанталасуын нақты нақыштап, оған деген күйзелісті жоталантуға қызмет етіп тұр.
Мұғалім одан әрі окушыларға үй тапсырмасына шығарма тілі бойынша арнайы мысалдар теріп келуді тапсыру үстінде үлгі ретінде бірер үлгіні өзі талдап көрсетеді. Мәселен, «Алапқа бетегедей киіз тәсеп, Оранған орманды тау ағашына» деген жолдардағы «оранған» сөзінің астын сызып, оны ағаш көптігінің белгісі ретінде алады. Себебі ағаш аз болса, белгілі бір көлемді аумаққа не болған тау орана алмас еді. Демек біз «Көптік ұғымды білдіретін сөздер» деп, тапсырсақ, онда белгілі бір санды белгілеген, немесе «көп», «мол» деп жалпылама айтыла салған сөздерді термейсіңдер. Қайта осы ұғымды неғұрлым накты ашқан, жеке өзінде сурет. Көрініс жатқандай әсер қалдыратын, бейнелі сөздер мен сөз тіркесулерін тауып белгілеу қажет. Мына дәйектелген мысал сол үлгіге жатады.
Бұл талап біз ұсынған басқа да тақырыптарға тән. Ал екінші сабақта оқушылардың бірі сәтті, бірі сәтсіз дегендей, жазып келгендерін сараптап, жүйелей келгенде, мынадай ықтимал жауаптар бекітілуі керек:
1. Көптік ұғымды білдіретін сөздер:
1. Тасқында, тау суындай көңіл жыры. (254-б)
2. Желіндей қуаныштың желедей соқ,
Өлеңнің өзені бір сапырылсын. (254-б)
3. Қапасты құмырсқадай қырға қазақ. (266-б)
4. Жетісу осында көп құйып жатыр,
Арқаға арнап шөкті Қаратауды. (266-б)
5. Арқада аударылды ас дегенге
Лақылдап Балқаш, Арал теңіздері. (227-б)
6. Кісіге шыпылдады зақ ордалар,
Қалып ат ер-тұрманы етіп жалт-жұлт (267-б)
7. Көп асқа қыр қазағы құстай қаптап,
Топырланып қонып жатыр үйге тарап. (268-б)
8. Жан-жақтан топ-тобымен төгілген мал. (269-б)
9. Ас тегіс алды, артына қалды үймелеп,
Көруге Көкшетаудың Кер пырағын. (271-б)
10. Ақ отау топырлады Ақан түскен,
Қалың жұрт кетті керіп сырттан, іштен. (276-б)
11. Шаң басқан қотарылған жер мен көкті,
Арқаның елі тегіс ат ерттетті (281-б)
12. Қара жер қайысқандай қалын жиын,
Қыбырлап құмырсқадай жүрді қаулап. (282-б)
13. Жиын жұрт жүйріктерді тамашалап,
Аттардың алды-артына кетті толып,
Әр жақтың саңлақтарын сұрап көріп,
Дүрілдеп ұмтылып жүр соңына еріп. (285-б)
14. Бәйгеде бәсекемен бақ сынасқан
Қалың ат көлді айнала кетті қайнап. (288-б)
15. Атқа еріп ел төгіліп алыс кетті;
«Қайт!» «Қайттап» елге әнгірлеп шабар жетті.
Көруге ат қайтқанша өзге ойынды
Теңіз топ толқып, қалқып, бұрды бетті. (288-б)
16. Құжынап құмырскадай сала-сала… (288-б)
17. Ұқсаған жазды күні жауқазынға,
Тізілді ел Ерейменнің алқасына; (288-б)
18. Керей жақ бергізбестен кетті кернеп:
«Итжығыс! Мынаның да жыққаны аз ба?»
Түрілді, апталап жұрт, ел құлағы,
Ортаға тәрт баланы алды-дағы.
Кеулесіп Керей, Арғын - сеңдей сүріс,
Болуға айналып тұр үлкен ұрыс. (314-б)
2. Ат жүрісін білдіретін сөздер, не сөз тіркестері:
1. Лақабы - әлде әулие, әлде пері,
Арканың атактысы Акан сері.
Көкшеде сұлу сүйіп, өлең айтқан,
Бұлаңдап тақымында Құлагері. (261-б)
2. Қайырып кыстай баптап Құлагерді,
Осы астың дақпыртына Ақан келді.
Мінгізіп бәйге бала, жайтаңдатып,
Аулына ас бергеннің тақау келді (270-б)
3. Мен дағы мындай кезде жылман каққам,
Мінгемін не саңлаққа сумаң қаққан. (298-б)
4. Көк аты Батыраштың келді зулап. (303-б)
5. Ызғытып ат келе жатты көл айнала,
Ат күткен көмбедегі көрді қара. (304-б)
6. Тебелеп басқа, көзге Тұйғын келед,
Шайқалып, шарқ аяқтап, түсті жарға. (305-б)
7. Бөріні бөрік астынан білмей қалды,
Ойшақтап өте берді жау алдынан (306-б)
3. Үн, дыбыс байлығы танытарлық нақыштар:
1. Сөздердің асыл, көркем тасып кала,
Ұйқасы өленімнің сыңғырасын (255-б)
2. Астанам Алатаудан саңқылшасам,
Жетпей ме жер жүзіне жаңғырығым? (255-б)
3. Ескі күн – елдің жылап өткен күні,
Ескі ән, күй сондықтап қалған боздап. (255-б)
4. Аспанда ақиығы шанқылдаған.
Құздардың құламалы астында өстім. (256-б)
5. Жарлыға, жалқыға да дес берді ме,
Жыландай ысқырынған зәһар заман. (259-б)
6. Жаңғыртып Сырымбеттің күллі алабын,
Серіңіз серпіп көкке ән шырқасын. (265-б)
7. Бір үйде қобыз даусы шымырлаған,
Күңіреніп кейде, бірде ыңылдаған;
Бір кезде бебеу кағып, күшіктей боп,
Қыңсылап, сыңсығандай күй жылаған.
Бір үйде домбырада ыңыраған,
Кыр күйі кұлдыраған, бұлдыраған.
Қос шек «Қосбасарды» сылқылдатып,
Жүректі жұлып жеуге күй жынданған. (268-б)
8. Көленке үй, күрпілдетіп саба піскен.
Ас қандай әңгімешіл қымыз ішкен. (276-б)
9. Бақырмай домбыраны көкке бұлғап,
Аққудай әсем дауыс – үн сыңғырлап; (277-б)
10. Жаршылар осылайша кетті сарнап,
Бәйгенің болар жерін жұртка жарлап.
11. «Тез шығар балуаныңды!»-деген дауыс
Атойлап, қыр көрсетіп, жамырасты. (289-б)
12. Сияқты бірі жуан, бірі жұқа,
Өкіріп сүзісіп жүр екі бұқа. (294-б)
13. Сонымен балуанның бәйгесі өтті,
Оташы мертікенді бебеулетті. (297-б)
14. Шаңы - бұлт, екпіні - жел, аттар - қаңбақ;
Балалар ұран салып, безді зарлап (299-б)
15. Күңірентті ойды, қырды өңшең күлік.
Арқаны дүбірлетті дүбір қылып. (299-б)
16. Қорқырап Құлагер ат жатыр құлап… (307-б)
17. Құлагер қорқырайды қаныменен,
Ақан да шырқырайды жаныменен… (307-б)
18. «Алыс жер, апарма!»-деп кақсап еді,
Қарармын енді қалай ел бетіне…»
19. «…Осыған ұры бізді қыласың!» деп,
Күш айтып, Керейлерге зіркіл салды. (313-б)
20. Қылмысқа, қиянатқа мұндай айқын. (313-б)
Күңіренді ел Аканыңды танымайтын. (313-б)
21. Шырқырап Ақан отыр ат басында,
Шығарып шерлі даусын құлындағы. (316-б)
4. Қимыл түрлішелігін анықтайтын мысалдар:
1. Шалқар көлдің шортаны
Сең соққандай сілкінді. (292-б)
2. Алысты арс-ұрс етіп екі арыстан
Таласты, бірін-бірі алып, жұлып. (293-б)
3. Түспеді ол допша қарғып, мысықша ырғып,
Дегендей «Күшің болса алып қара!»
4. Бұлтылдап жыққан жерде жатпайтұғын,
Басқаға бастырмайтын балық бала. (293-б)
5. Бұлқынды шайнастырған бурадайын,
Жұлқынды жұтпақшы боп суда жайын. (293-б)
6. Жата ма, серке сары, кетті шоршып,
Жерді шаң, өзін қан қып, етін жырта. (294-б)
7. Дөңгелек айналдырып, сереңдетіп,
Жерге алып ноқталыны ұрып қалды.
8. Аударып және Жақып, және басты,
Допша атып бірін-бірі домалатты.
9. Қараны қайыстырып бұрағанда,
Құрт етті… бір гәп болды жілігіне…
5. Дерексізді заттандыру үлгілері:
1. Бақ буын тұрғанда ұстап бүгін қазақ,
Көңілі судай тасып, оттай маздап.
2. Сапырған сырлы сөзді сар қымыздай,
Заманның отырғам жоқ салтын бұзбай;
Асылын арамынан аршып алдым,
Қашаннан қазынаға халқымыз бай.
3. Жаралап ер жүрегін жау қандары,
Ысқырып жылап өмір жанын шаққан
6. Метафоралық тіркестер:
1. Шарықта шартарапқа қиял құсы,…
Көңілдің кеп тұрғанда күнді алғысы.
2. Ақтарып асыл сөздің алтын, жезін
Салатын дүкеніме бар мінезім.
3. Қызықтың айдынына құлаш ұрып,
Армансыз қаздай қалқып, құлай жүзген. (262-б)
4. Тірегі көңілімнің, бәйтерегім,… (308-б)
5. Құлазып күзді күнгі Көкшетаудай,
Қызықтың көшіп кеткен – сар жайлауы. (230-б)
7. Кейіптеулер:
1. Жан-жақтан ағытылды сабаны артып,
Түсіріп, дүрілдеп жүр табақ тартып. (267-б)
2. Лек-лек топ, ағытылды адам аңдап,
Теңіздей толқын жанға толды жан-жақ. (282-б)
3. Күңірентіп, кең даланы дүбірлетіп,
Төгілді ат Ерейменнің саласына.
«Құлагер» дастанының көркемдік ерекшеліктері, тілі талданып болғаннан соң, мұғалім оқушыларға корытынды сұрақ қояды: - Енді дастанның өзекті идеясын кім ашып дәйектейді? Оқушылардың сәтті, сәтсізі араласа түрлі тұжырымдарын тыңдап болғаннан кейін, оқытушы мына түйінге жүгінтеді:
– Өзекті идея: «Жүйрікті күндеме, оған қастық қылма!» дегенге саяды. Батыраш жіберген адам бәйгеде алға шығады деген Құлагерге айбалта сілтеді. Одан әрі Құлагер шекесінен «шүмектеп», «бұрқырап» шыққан қан ат қиналысына деген оқырман аянышын тудыруы – бәрі асылды қимастық сезімін өрбітіп жүр. Қазіргі өскелең заман биігімен бағамдасақ, күншілдік, қаскүнемдік ол кезде Ақан мінген Құлагерді мерт етсе, кейін соны 1936 жылы нақыштап, аяушылық білдіріп: «Озыққа тиіспе!» – деп дабыл қаққан Ілиястың өзін арада екі жыл өтер-өтпесте құрбан қылды. Құлагер – ат үздігі болса, оны әспеттеген Ілияс – ақын жүйрігі еді. Екі дәуірде екі тұлпар да қастықтан опат болды. Тек Ілияс емес, басқа да ақын-жазушылар, мәселен, Сәкен Сейфуллин төніп келе жатқан жазалауды алдын-ала сезіп, оған дейін: «Халқым, өз асылыңды сақтай біл!» – идеясын көтерді.
ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР
Сұрақ-жауап тапсырмалары (немесе «Бәйге»)
- Оқушыларға сабақ кезінде білімін тексеруге, сабақта тақырыпты қаншалық меңгергенін білу мақсатында мынандай сұрақтар қоюға болады:
1. Ақан сері Ерейментау етегіндегі кімнің асына келеді?
2. Бәйгеге қанша ат жарысқа түсті?
3. Құлагерге өз бағасын берген кім?
4. Батыраштың тұлпары қайсы?
5. Батыраш Құлагерді өлтіруінің себебі неде?
6. Батыраштың жендеті Құлагерді қай жырада мерт қылады?
7. Жүйрікті жарыста қай жерде мерт қылады?
8. Құлагерді Ақан қай көлдің жағасына арулап көмеді?
9. Оған белгі орнатқан Жүсіп төре деген кім?
10. Шығарма қай жанрда жазылған?
11. І.Жансүгіровтың «Құлагер» шығармасы қазақ әдебиетінің қай жанрына жатады?
12. І.Жансүгіров "Құлагер" поэмасын қай жылы жазды?
13. Поэма дегеніміз не?
14. Трагедия дегеніміз не?
15. Поэма неліктен «Құлагер» деп аталған?
16. Поэманың басты кейіпкері кім?
17. Поэма неше бөлімнен тұрады?
18. Поэманың қай тарауында Құлагердің трагедиялық сәті суреттеледі?
19. «Құлагер» поэмасы қанша бөлімнен тұрады, бірнеше тарауының атын ата?
20. Ақан сері туралы жазылған қандай шығармаларды білесің?
21. Поэманың құндылығы неде?
22. Құлагер қатысқан ат жарысы бүгінгі күні өтіп жатса, Ақанға, Батырашқа қандай сұрақтар қояр едің?
23. Саған шығарманың қай тұсы үлкен ой салды?
24. «Құлагер» поэмасы – өзінің тақырыбы,көтерген мәселесі жағынан қандай туынды?
25. «Құлагер» дегенде ойыңа ең алдымен не оралады, қандай асоссиация туады?
26. Батырашқа қандай сұрақ қойғың келеді?
27. Ақанға қандай сұрақ қойғың келеді?
28. Поэманы оқыған соң қандай сезім тудырады?
І. «Құлагер» поэмасындағы сыншының аты?
1) Сағынай
2) Батыраш
3) Күреңбай
ІІ. Сыншы Құлагердің он үшінші қабырғасын қалай түсіндіреді?
1) Күштің белгісі деді
2) Сорға біткен ұры қабырға деді
3) Қанатқа теңеді
ІІІ. Ат үстінде неше түрлі ойын көрсетіп сырнай тартып жүрген өнерлі бала кім?
Мөңке
Шашубай
Қотыраш
ІV. Сыншы «Мынау бір пырақ екен» дегенде, ол Құлагердің қандай сипаттарына сүйеніп айтты.
Құлаш кеңірдегін, тұяғын
Қос құлақ, кең қолтықтығын
Бір қабырғаға артықтығы, қанатын
V. Ақырғы бәйге романынан алынған үзінді кімнің сөзі?
Бәсе, бәсе – деп таңдайын қақты. – Қанаты бар екен жануардың.
Халық
Шашубай
Күреңбай
1-жаттығу
Топқа бөлу:
«Ат әбзелдері»
Ат әбзелдері арқылы оқушыларды топқа бөлу.
1-топ: Қамшы.
2-топ: Жүген.
Екі топ оқушылары бір –біріне жақсы тілектерін айтады.
Үй жұмысы: І.Жансүгіров туралы оқушылар өз беттерімен ізденіп келеді.
Оқушылардан І.Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығы туралы сұралады.
І.Жансүгіров туралы не білеміз.
Әр жұп өз білгендерін айтып шығады. Көп мәлімет айтылуы тиіс.
- автор туралы мәліметтер ұсынады.
- білетін мәліметтерімен бөліседі.
Топтық жұмыс:
«Білім ленд» сайтын қолдана отырып тақырыпқа қатысты І.Жансүгіров туралы және құлагер туралы бейне үзік көрсетіледі.
2-жаттығу
Поэмаға сюжеттік-композициялық талдау жасау.
«Фишбоуын» әдісі «Жылқы сұлбасы»
Оқушыларға жылқы сұлбасы сызылған кағаз таратылады.
1.Топ мүшелері шығарманы іштерінен оқиды.
«Жылқы сұлбасы» (фишбоуын) әдісі арқылы шығармаға сюжеттік желілерін анықтап жазады
Дескрепторлар:
• Әдеби шығармаға сюжеттік композициялық талдау жасайды;
• Әдеби шығарманың идеясын анықтайды;
• Өзіндік көзқарастарын дәлелдейді.
Шығарма құрылысына талдау жасау
Оқиғаның басталуы – Сағынай асы
Оқиғаның байланысы – Ақан серінің асқа келуі
Оқиғаның дамуы – Аттың сыны
Оқиғаның шиеленісуі – Батыраш пен Ақан ерегісі
Оқиғаның шарықтау шегі – Құлагердің мерт болуы
Шешімі – «Құлагер» әнінің тууы
Сыныпты жылқы малына қатысты мақал -мәтелдермен 5 топқа бөлу.
1.Жақсы аттың артынан құнан ереді,
Жақсы жігіттің артынан ұлан ереді.
2.Жақсы аттан жал кетсе де,әл кетпейді.
3.Жомарт жоқтығын білдірмейді,
Жүйрік ат тоқтығын білдірмейді.
4.Жақсы ат алдынан сүрінбейді, артынан сүрінеді.
5.Жақсы жігіт пен жақсы ат көптікі.
Оқушылар мақал сөздердің мағынасын қысқаша түсіндіріп кетеді.
Поэмадан әдеби теориялық терминдерді анықтау.
Теңеу, қайталау, дамыту, ассонанс, әсірелеу, аллитерация. Осы ұғымдарға анықтама беріп түсіндіріп, «Құлагер» поэмасынан соны табуға тапсырма береміз.
Троп (гр. tropos – айналым, тіл оралымы, иін, иірім, сөз қолданысы) немесе құбылту – атаудың немесе мағынаның ауыспалы түрде қолдану тәсілі. Сөздерді тура мағынасында емес, бұрма мағынасында қолдану, шындықты бейнелеп, кейде тіпті перделеп жеткізу тәсілі болып табылады.
Троп түрлеріне көріктеу, меңзеу, теңеу, ауыстыру, бейнелеу, алмастыру, кейіптеу, пернелеу, әсірелеу, арнау, қайталау, шендестіру, дамыту, түйдектеу, бүкпелеу, кекесіндеу, т.б. жатқызылады. Мысалы, Жарқ етпес қара көңілім не қылса да, Аспанда ай менен күн шағылса да (Абай).
Сөз айшықтары орыс. фигуры речи – сөйлеудін әсемдігін, мәнерлілігінжиі қолданылатын амал-тәсілдер. Оларға: шендестіру, қайталау, параллелизм, риторикалық сұрақ-жауап, дауыс ырғағы т. б. Жатады. Сөз айшықтары адамның сөйлеу шеберлігін, зерделілігін, тіл байлығын көрсетеді.
Үй тапсырмасы:
Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасынан алған әсерің туралы досыңа хат жаз.
«Ақынның жан күйзелісін берудегі шеберлігі» тақырыбында эссе жазады. «Құлагер – тағдыр тіркесіне болжам ұсынады. Құлагерді құлатқан кім?» деген сұраққа Батырашты жақтайды не жоққа шығаратын дəлелдер келтіреді.
Режиссер Болат Мансұровтың"Құлагер" фильмінен үзінділер көрсетіледі.
https://www.youtube.com/watch?v=AO2Ltnsi3b4
https://www.youtube.com/watch?v=rsY0TlsdFzU
https://www.youtube.com/watch?v=zU0aGwY86l0
Топқа поэмадан 5 тақырып таңдау беріледі.
«Ақан сері», «Еремендегі ас», «Құлегер- әкең тұлпар...», «Бәйгедегі егес», «Ақан трагедиясы
Тапсырма 2
ТЖ
Оқушыларға поэмадан үзінділер беріледі.Олар топта шығарма үзіндісінің негізгі идеяларымен жұмыс жасайды және мағынаны түсіндіру үшін өлең жолдарын оқи отырып, бет қимылын, би, музыканы қолданыпқойылым қояды.
Басқа топтар қойылымда не баяндалғанын, оқушылардың осы бөлім арқылы негізгі идеяны сипаттай алғандығына комментарий білдіреді.
Топ өздері таңдаған поэма бөлімінде нені сипаттай алды, ақын өлеңі туралы өз ой пікірлерін ескертпелер арқылы жазып қалдырады.
Өздері бейнелеген оқиғада қандай мәселе ой тастады, оны бүгінгі өмірмен байланыстыра сөйлеу тапсырылады.
Ескерту: Оқушылар сөз қолданысында көркемдік тілді анық жеткізе алуы керек.
Саусақпен не жұлдызшамен бағалайды.
«Ф» жұптық кері байланыс
Тапсырма 3.
Декоративті заттар:
Əдебиет оқулығы. І.Жансүгіров «Құлагер» кітабы, стикерлер, смайлик, қайшы, желім, магнит, А3 формат, «Құлагер» фильмінен фрагмент, Ақанның «Құлагер», «Балқадиша» əні, интербелсенді тақта, компьютер.
Авторлары:
Н. Әшімбай, А.Советбек, А.Райханова