Bugin

Тарихта қалған ең ірі апаттар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әлемде жыл сайын түрлі табиғи құбылыстар, техникалық ақаулар және көптеген қолайсыз факторлар орын алып отырады. Әрине, олардың соңы қайғылы салдарға әкелері сөзсіз. Себебі, алапат апат жақындарынан айырылған жандардың жадында мәңгі сақталады. Ендеше, тарихта орын алған ең ауыр табиғи апаттар туралы баяндасақ.   

«Жан алушы өзендер» 

1931 жылы Қытай ең үлкен су тасқынын бастан өткерді. Янцзы өзені ірі өзендердің ішінде үшінші орында, оған 700-ге жуық өзен құяды. Жыл сайын жауын-шашын кезінде су асып, тасып жатады.   

1931 жылы тамызда Янцзы өзені мен көршілес Хуанхэ өзені жарылып, қуатты ағынға қосылып, бөгеттерді бұзып өтеді. Бұл жаһандық су тасқынына әкелді. Олар жолындағының бәрін қиратып, Қытайдың 16 провинциясын, яғни 300 000 га жерін шайып кетті. 

40 миллионнан астам адам зардап шегіп, баспанасыз, киім-кешек пен тамақсыз қалды. Су 4 айға жуық тартылмай, бір қалыпта тұрды. Ұзақ уақытқа созылған аштық пен аурудың салдарынан қаза тапқандар саны 3,5 миллион адамнан асты. Мұндай қайғылы жағдайдың алдын алу үшін кейінірек екі қорғаныс бөгеттері салынып, екі су қоймасы жасалды. 

Тыңайтқыш зауыты 

1984 жылы Үндістанның Бхопал қаласында тарихтағы ең ірі экологиялық апат орын алды. Желтоқсанның 3-іне қараған түні тыңайтқыш шығаратын химия зауытында улы газ метил изоцианаты бар цистерналардың бірі жарылған. Резервуардың көлемі 40 тонна болды. 

Болжам бойынша, бұл апатқа қауіпсіздік ережелерін бұзу себеп болған. Метил изоцианаты бар резервуар қызып, ең жоғары температураға жеткен. Салдарынан ішіндегі авариялық клапан жарылып, цистернадан газ шыққан. 

Қатты желдің салдарынан газ 40 шаршы шақыры жерге тарады. Алғашқы аптада 3 мыңнан астам адам уланып қайтыс болды. Одан кейінгі жылдары аурудан 15 мың адам қайтыс болды. Ал 100 мыңға жуық адам емделуге мұқтаж болды. 

Химиялық зауыттың тазартылмаған жері әлі күнге дейін адамдарды улауда. Мыңдаған адамдар угаздан зардап шегіп, көптеген балалар ауытқуларымен дүниеге келеді. 

Чернобыль трагедиясы 

Ең ауыр ядролық апаттардың бірі 1986 жылы Чернобыль атом электр станциясында болды. Апаттың қауіптілік деңгейі ядролық оқиғалар шкаласы бойынша 7 болды. 

Атом электр станциясы Припять қаласына жақын жерге станция жұмысшылары үшін арнайы салынған. Ол кезде онда 47 мыңнан астам адам тұрған. 26 сәуірде таңертең төртінші энергоблок ғимаратында ядролық реактордың қуатты жарылысы болды. 

Турбогенераторды сынау кезінде станция инженерлерінің ойластырылмаған және қате әрекеттерінің соңы осы апатқа әкелді. Апат салдарынан ядролық реактор толығымен қирап, энергоблок ғимаратында өрт басталды. Оны сөндіру кезінде 600 өрт сөндіруші радиацияның ең үлкен дозасын алып қаза тапты. 

Апат туралы ақпарат алғашқы күні таратылмады. Бірақ радиоактивті заттардың таралу шегіне жеткенде Припять қаласы мен оған жақын елді мекендерді көшіруге кірісті. 

Апатты жоюға 800 мыңға жуық адам қатысты. Бейресми деректерге сәйкес, жоюшылардың жартысы өлімге әкелетін радиация дозасын алған. 

Қайықпен саяхат 

1987 жылы судағы ең үлкен апат орын алды. 20 желтоқсанда жолаушылар мінген Филиппиндік Dona Paz паромы 8 000 мың баррельден астам мұнай тасымалдаған Вектор танкерімен соқтығысқан. 

Соққының салдарынан бу екіге бөлініп, танкердегі тесіктерден мұнай төгілген. Өрт әп-сәтте басталып, кемелер жанып кеткен. Өрттен қашқан адамдар суға секіргенімен, онда оларды от пен акулалар күтіп тұрды. 

Құтқарушылар 8 сағаттан кейін жетеді, алайда 26 адам ғана аман қалған. Қайтыс болғандар саны 4200 адамнан асқан. Апаттың нақты себебі анықталған жоқ. 

Өлімге әкелетін цунами 

2004 жылы 26 желтоқсанда Үнді мұхитында тарихтағы ең ірі цунами апаты орын алды. Магнитудасы 9 балл болатын су асты жер сілкінісі салдарынан 30 шақырым тереңдікте тау жыныстарының жылжуы орын алып, жойқын цунамиге себеп болды. Ол кезде Үнді мұхитында цунамиді анықтайтын жүйе болмағандықтан, қайғылы оқиғаның алдын алу мүмкін болмады. 

Бірнеше сағаттың ішінде биіктігі 20 метрге жететін толқындар жағалауға жетіп, жолындағының бәрін басып тастады. Бірнеше сағат ішінде толқын Таиландқа, Үндістанға, Индонезия мен Шри-Ланкаға жетті. 

Цунами барлығы 18 елдің жағалауына жеткен. Ол 300 000-нан астам адамның өмірін қиды, 15 000 адам хабар-ошарсыз кетті және 1,5 миллионға жуық адам баспанасыз қалды. Қалпына келтіру жұмыстары бес жылға созылды. Үйлер, мектептер мен курорттық аймақтар қайта салынды. Қайғылы оқиғадан кейін эвакуация жүйесі ұйымдастырылып, цунами туралы ескерту жүйесі жасалды. 

Гүлдің атауы берілген циклон 

Жойқын «Наргис» циклоны 2008 жылы 3 мамырда Мьянма арқылы өтті. Желдің жылдамдығы 240 км/сағ жетті. Тропикалық циклон көптеген шағын қалаларды қиратып, үлкен Янгон қаласы толығымен дерлік жойылды. Тұрғындар баспанасыз, жарықсыз қалды. 

Ең қорқынышты табиғи апаттың салдарынан қаза тапқандар саны 90 000 мың адамды құрады. 55 мыңнан астам адам ұшты күйлі жоғалып кетті. Барлығы 1,5 миллионнан астам адам зардап шекті. Көптеген елдер Мьянмаға материалдық және гуманитарлық көмек көрсетті. 

Табиғаттың қатыгездігі 

2010 жылы магнитудасы 7 балл болатын жер сілкінісі Гаити аралының бір бөлігін қиратты,. Алғашқы дүмпулер Гаити астанасынан 20 шақырым жерде 12 қаңтарда тіркелді. Жан түршігерлік дүмпуден кейін 3 миллионнан астам адам баспанасыз қалды. Тұрғын үй-жайлардың 60% және мектептер, ауруханалар, соборлар сияқты көптеген қоғамдық ғимараттар қирады. 

Апат кезінде және үйінді астында қаза тапқандар саны 222 570 мың адамды құрады, 311 000 адам жарақат алды, 1000-ға жуық ұшты күйлі жоғалып кетті. 

Ұшақ апаты 

1985 жылы жапондық Boeing 747 ұшағының апаты әуедегі ең ауыр әуе апаты деп танылды. Ал қайтыс болғандар саны бойынша екінші орынды иеленді. Экипажда 524 адам болған. 

Апатқа ұшақтың сапасыз жөндеу жұмыстары себеп болған. Ұшудың 12-минутында ұшақтың кильі шығып, басқару жүйесі істен шығып, 1500 метр биіктікте ұшақ тауға соғылады. 

Ұшақ құлаған жерде қатты өрт болғандықтан, құтқару жұмыстары 14 сағаттан кейін ғана басталған. Құтқарушылар жолаушылардың отбасыларына өтініштері бар жазбаларды тапты. 520 адам өлді, тек 4 адам аман қалды. 

Бұл мақалада әлемдік тарихта тіркелген апаттардың аз ғана бөлігі сипатталған. Мұнда олардың ең ауқымдысы және қайғылысы жинақталған. Олардың барлығы миллиондаған балалардың, ересектердің, түрлі ұлт пен дін өкілдерінің өмірін қиды. Өйткені, қиындық адамның жынысына, жасына және нәсіліне қарамайды.